+7 (72336) 4-27-00

 <№10 орта мектебі>

Аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ білім беру мекемелері қызметінде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алдын алу және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына нөлдік шыдамдылықты жоғарлатуға бағытталған   ұсыныстар жүйесін орнату мақсатында әзірленген.      

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: білім беру.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы:

 «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ.

  1. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін тұлғалардың (әрекеті) мінез-құлық ережесі: 

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын саладағы заңды және азаматтық тұлғалардың  заңды мүдделерін  және құқығын жүзеге асыруда, білім беру мекемесі қызметкерлеріне тыйым салынады:   

 1) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтық және заңды тұлғалардың қызметін өз мақсатында пайдалануға; 

2) өзі  қызмет ететін орындағы немесе тікелей оған бағынысты мемлекеттік органда үшінші жақтың ісі бойынша өкіл болуға;

3) Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылмаған кіріс өндіруге байланысты немесе басқада кәсіпкерлік  іс-әрекетке   көмектесуге;  

4) Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған жеке және заңды тұлғаларға ақпарат беруден негізсіз бас тартуға, немесе ұстауға, толық емес   ақпарат беруге;

5) Қазақстан Республикасы  Заңнамасында қарастырылмаған  тұлғаларға ақпарат ұсыну, жеке және заңды тұлғалардан ақпарат талап етуге; 

6) жеке және заңды тұлғаларға құқықтарын, еркіндігін және заңды қызығушылықтарын жүзеге асыруға тоқтауыл қоюға; 

 7) жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне бақылау немесе қадағалау жүргізетіндер қызметіне мемлекеттік реттеуге өкілеттік құқық беруге;

 8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылмаған немесе басқа да өз міндеттерін сәйкесінше орындамайтын  жеке тұлғалардан, ұйымдардан мемлекеттік және оған теңестірілген  өз міндеттерін орындау үшін ақшалай түрде сыйақы алуға;

 9) өзінің мемлекеттік және оған теңестірілген қызметін орындауға байланысты мемлекетік қызметкерлерден және басқа да тұлғалардан, қызметіне байланысты жалпы қорғау немесе қызметі бойынша енжарлық  үшін сыйлық қабылдауға  немесе қызметін пайдалануға;

 10) жеке басының мәселесін шешуде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлердің  немесе басқа да тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік дәрежесін  пайдалануға; 

 3.2.  Білім беру қызметкерлеріне өз біліктілігі аясында басқару немесе басқа шешімдерді қабылдауда және дайындауда  тыйым салынады:

 1) шешім дайындауда, қабылдауда жеке немесе заңды тұлғаларға тең құқылы емес артықшылық көрсетуге;

 2) Қазақстан Республикасының Заңнамасын бұзуға бағытталған лауазымдық өкілеттігін орындауға қатысы жоқ бұйрықтар мен тапсырмалар беруге;

 3) жекжаттарына, туыстарына немесе басқа да жақындарына өзінің материалдық қызығушылығын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешуде өзінің қызметтік лауазымын пайдалануға; 

 4) мемлекеттік қызметке түсу және жылжуда (протекционизм, сыбайластық) заңмен қарастырылмаған артықшылықтарды ұсынуға;  

 5) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне қатысты шешім қабылдауда айқындықты қамтамасыз етпеуге;   

 6) дау-жанжалдың шығуына жол бермеу, шыққан жағдайда заңнамаға сәйкес жоймауға.  

 3.3.Нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындауда:

 нормативтік құқықтық актілер жобасы қатаң түрде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының талаптарына сәйкес жасалынып, төмендегілерге жол бермеуі тиіс:

1) заңмен тағайындалған құқықпен азаматтардың бостандығына қысым жасауға;

2) заңды тұлғалардың заңды қызығушылығын бұзуға; 

3) жоғарғы деңгейдегі нормативтік құқықтық актілеріне қарсы келуге;  

 4) нормативтік құқықтық актілер шығарушы органның құзыреттілігінен  асуға;

 3.4.Қызметкер өмірлік әрекеті өрісінің ерекшелігіне байланысты туындаған басқа да қарым-қатынаста: 

 1) заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза  қарастырылатын құқықбұзушылық іс-әрекетке жол бермеуге; 

2) білім беру қызметінің тиімділігін төмендететін немесе мемлекеттік қызығушылықтарға шығын келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға; 

3) ресми мінез-құлық ережелерімен іскерлік әдепті сақтауға;

4)басқа да мемелекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеуде шара қолдануға немесе тоқтатуға;

5) әріптестерінің ұжымда ар-намысын жаман атқа қалдыратын жеке және кәсіптік қасиетін талқылаудан ұстануға;

 6) басшының тапсырмасын орындау барысында тек объективті және шынайы мәліметті  ұсынуға міндетті.

  1. Өзге шектеулер  мен тыйымдар:

 Білім  беру мекемелерінің қызметкерлері: 

1) Қазақстан халқының  салты мен дәстүріне, мемлекеттік және басқа тілдерге құрметпен қарауға, Отанымызда халықаралық келісім  және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға жәрдемдесуге; 

 2) азаматтармен әріптестер өтінішіне  сыпайлылықпен биязылық танытуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қарапайым шынайы болуға; 

3) қабылданған шешімдердің заңдылығымен шынайлылығын  қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды қызығушылықтарына қатысты шешім қабылдауда айқындықты қамтамасыз етуге;   

5) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігінің төмендеуіне немесе тосқауыл қоюға, мемлекеттік  қызығушылықтарға шығын келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6)  Қазақстан Республикасының Заңымен тағайындалған шектеулер мен тыйымдарды ұстануға,  қызметтік міндетін тиімді орындау үшін өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлатуға;

7) өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан  сын айту үшін себепші болуға, сын үшін ізіне түспеуге, сындарлы сынды өз кемшіліктерін жоюға және қызметін жақсартуға пайдалануға;

8)  жеке басының мәселесін шешуде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлердің  немесе басқа да тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік дәрежесін  пайдаланбауға; 

9) шынайлылыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға;

 10) мемлекеттік жекеменшікті сақтауға, сеніп тапсырылған мемлекеттік жекеменшікті  соның ішінде автокөлік құралдарын орынды, тиімді,  тек  қызметтік мақсатта пайдалануға; 

 11) жұмыс уақытын орынды және тиімді пайдалануға, өзінің қызметтік міндеттерін ерікті түрде, әділ, сапалы түрде атқаруға, кызметтік тәртіпті мүлтіксіз орындауға; 

12) тұрақты түрде мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жоғарлатуда шара қолдануға, тұрғындар сұранысына мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларындай тоқталуға; 

 13) құжаттарды сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз етуге, жоғалту мүмкіндігіне, жасандылыққа, бір құжатты орындамауға немесе қайта қайталап орындауға,  негізсіз орындамай қайтарып беруге  жол бермеуге;

 14) мемлекеттік қызметкердің сырт келбеті қызметтік міндеттерін орындауда мемлекеттік аппараттың дәрежесін нығайтуға сәйкес болуға, ұстамдылықпен ұқыптылықты, ресмилікті ерекшелендіретін көпшілік мақұлдаған, іскерлік стильге сәйкес болуға міндетті.

жүктеу