+7 (72336) 4-27-00

Экономика және қаржы бөлімі қаланың коммуналдық мүлкін басқару жөніндегі функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

          Экономика және қаржы бөлімінің функциясына:

         - қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру, сенімгерлік басқару, өтеусіз пайдалану;

         - қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөніндегі жұмыс;

         - иесіз объектілерді, мүлікті есепке алуды анықтау және реттеу жөніндегі жұмыс;

         - мекемелер теңгеріміне негізгі құралдарды бекіту туралы бұйрықтар әзірлеу, теңгерімнен теңгерімге беру;

         - қалалық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу;

         - ақша қаражатын иесіз қалған мүлік деп тану және коммуналдық меншікке беру жөніндегі жұмыс кіреді.

         Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалдау

         Қазіргі уақытта 23 мемлекеттік коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдау (жалға алу), оның ішінде 12 – қала мектептерінде ыстық тамақ ұйымдастыру үшін асханаларды жалдау, 5 – МПК орналастыру,  7 – ауданда 1 – Қазақтелеком, 1 – 4-ауданда Қазпошта, 1 – каратэ спорт секциясы, 1 – спорт құралдарын сақтау, 2 – Лицей және ОТ және СО қоғамдық бірлестіктері.   

         2017 жылы оқушыларды тамақтандыру жөнінде қызмет көрсетуге                            айына 1 шаршы метр үшін жалдау құны шамамен 156 теңгені құрайды. ПМК орналастыру үшін жалданатын алаңның 1 шаршы метрінің орташа құны 327 теңгеден ауытқиды.

         Мүлікті жалдаудан Риддер қаласының бюджетіне түсетін түсімдердің жалпы сомасы 2017 жылға 3,9 млн.теңгені құрады.

         Өтеусіз пайдалану

         Өтеусіз пайдалану шарттары мемлекеттік заңды тұлғалармен жасалады.                  2017 жылы 27 өтеусіз пайдалану шарты әрекет етеді, оның ішінде 10 шарт қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелермен, 2 шарт республикалық, 15 шарт – облыстық мекемелермен  жасалды.

         Объектілерді сенімгерлік басқаруға беру

         Қазіргі уақытта 2 кейіннен сатып алу құқығынсыз және меншікке өтеусіз беру құқығынсыз  сенімгерлік басқару шарты әрекет етеді:

         - алаңы 18 га болатын тұрмыстық қатты қалдықтарды зарарсыздандыру және көму полигоны (сенімгерлік басқарушы «Фирма Эталон» ЖШС). Шарт 2017 жылғы                 31 наурызда 4 жыл мерзімге жасалды;

         - Чапаев көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан айыппұл-тұрағы (сенімгерлік басқарушы ЖК А.М. Нұрғазин). Шарт 2017 жылғы 18 мамырда 1 жыл мерзімге жасалды, жаңа конкурс өткізгенге және сенімгерлік басқарушыны айқындағанға дейін ұзартылды.

         Сонымен қатар екі коммуналдық мүлік объектісін – Мәдениет сарайында орналасқан кинозал үйжайы мен «Әйгерім» балалар қалашығын сенімгерлік басқаруға беруге жоспарланды. 2017 жылы үш рет аталған объектілерге тендер жарияланды, әлеуетті қатысушылардың болмауына байланысты өтпеді деп танылды.

         «Нұрбөбек» балабақшасының жұмыс істеуі үшін сенімгерлік басқару шартына сәйкес Лермонтов көшесі, 10 бойынша орналасқан ғимаратты «BOSS-KZ» ЖШС меншігіне өтеусіз беру жүзеге асырылды. Ғимарат жөнделді, мектепке дейінгі білім беру қызметін көрсету жүргізіледі.

         Коммуналдық мүлікті жекешелендіру

         2017 жылғы өткен кезеңде аукциондық сауда-саттықтар арқылы «Водоканал» КМК автокөлігінің үш бірлігі, оның ішінде есептен шығаруға мәлімделген ЗИЛ 130 (1984ж.), ГАЗ 53-12 (1990 ж.) және МТЗ80 базасында ЭО 2629 дөңгелекті экскаватор (1995 ж.)сатылды,машианаладры сатудан түскен түсімдердің жалпы сомасы 0,6 млн. теңгені құрады. Коммуналдық мүлік объектілерін сату Мемлекеттік тізілім (www.gosreestr.kz) сайтында аукциондық сауда-саттықтар арқылы жүргізіледі.

         Иесі жоқ мүлікті есепке алу

         2017 жылы соттың шешімімен Островский көшесі, 99/23 (өнеркәсіптік аймақ) мекенжайы бойынша орналасқан бос тұрған ғимарат иесі жоқ, коммуналдық меншікке түскен деп танылды, сот шешімі ағымдағы жылғы 29 мамырда күшіне енді.

         Жекешелендірудің кешенді жоспары    

         2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                       2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысы қолданысқа енгізілді, осыған сәйкес Риддер қаласы бойынша жекешелендіруге бір объекті - «Спорт кешені» МКҚК айқындалды. ШҚО коммуналдық меншік ұйымдарын бәсекелестік ортаға берудің нақтыланған кестесіне сәйкес (ШҚО әкімі 2017 жылғы 7 ақпанда бекіткен) «Спорт кешені» МКҚК 2017 жылғы желтоқсанда таратуға жоспарланды. Қазіргі уақытта «БЖСМ» КММ теңгеріміне Спорт кешені ғимараты мен негізгі құралдарды беру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

         «Тілдерді дамыту орталығы» КМҚК жекешелендіру кестесінен алынды, қазіргі уақытта коммуналдық мемлекеттік мекемеге кәсіпорындарды қайта құру рәсімі жүргізіліп жатыр.

         Иесіз қалған мүлік

         Мұра ашылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн мұра ашылған жер бойынша жергілікті атқарушы органдардың өтініші негiзiнде сот мұраны иесiз қалған мүлік деп таниды. Риддер қаласының аумағында «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ объектісі орналасқан, онда қамқорлықтағы қайтыс болғандардың ақша қаражаты иесіз қалған деп танылуы мүмкін.

         2017 жылға қала бюджетіне түскен иесіз қалған ақша қаражаты түсімдері 28,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде прокуратураның талап-арызы бойынша – 17,3 млн.теңге, экономика және қаржы бөлімінің талап-арызы бойынша – 11,6 млн.теңге