+7 (72336) 4-27-00

“Рухани жаңғыру”бағдарламасын жүзеге асыру аясында,18 қаңтарда,Н.В.Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханасында Риддер аграрлы-техникалық колледжінің мамандары- кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру іс бөлмесінің жетекшісі Гармаш Т.А.және №9 Орталау мектебінің оқушылары,жетекшілер Клубничкина Т.В.,Токатова А.Б.қатысуымен мамандыққа шолу өтті.

Кездесудің басында кітапханашы «Мамандықтар әлемінің» алуан түрлілігін,мамандық таңдау әр адамның өміріндегі маңызды қадам екендігін,әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен және қайырымдылықпен қарау керектігін түсіндірді.

Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Білімді,көзі ашық,көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет.Әрбір қазақстандық білімнің болашаққа барар жолдағы ең іргелі себепкер екенін түсіну керек.Жастар ең бірінші кезекке білімді қою керек.Егер бағалы жүйеде – білімділік басты орында тұрса, онда ұлтты жетістік күтеді».

Татьяна Александровна Гармаш – РАТК бойынша кәсіби түрде хабарламалық шолу жасады.Оқушыларға гид рөлінде шығып, колледжде қандай мамандықтар алуға болатыны туралы,түсу шарттарын,әртүрлі мамандықтардың маңыздылығы мен мазмұны туралы айтты.

«Еңбек туралы мақалды аяқта», «Мамандықты тап» атты әуесқой сайысқа қатысу арқылы оқушылар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Оқушылар кітапхана қызметкерлері және РАТК өкілімен бірге әртүрлі мамандықтардың маңыздылығы мен мәні туралы өз ойларын кеңейтті,адамның қоғамдағы көптеген міндеттерін,бірінші кезекте,еңбегі арқылы танитынын тағы да түсіндіріп өтті. Еңбек адамның тұлғасын ашуға,өзінің қабілетін ашуға көмектеседі.

Кітапхананың кәсіби бағыттағы жұмысы жалғасуда.

IMG 20180118 121910 IMG 20180118 123048 IMG 20180118 123319