+7 (72336) 4-27-00

Жас,сұлу Астана, келбетімен  таң-тамаша қалдыратын,оттарымен жарқырап,үнемі осындай мықты да өзіне сенімді ел болғандай әсер қалдырады.

Бір кездері шет аймақтық болған қала небәрі 20 жылдың ішінде нағыз дала маржаны,әлемнің әдемі қалаларының біріне айналғанына сену қиын.

          Н.В.Гоголь атындағы орталық кітапханасында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың мерейтойына арналған іс-шаралар айналымы жоспарланған.

        КММ «№2 Орта мектебінің» оқушылары,жетекшісі Клубничкина А.Г., сондай-ақ кітапхананың жас оқырмандары Астананың тарихы,географиялық орналасуы және архитектурасымен танысты.Слайд пен бейнероликтердің көмегімен балалар қаланың көптеген бұрышына үңіліп, субұрқақтарды тамашалап,жасыл мүсіндер топтамасы және тіпті ЭКСПО-2017 көрмесінде, қатысушы бірқатар елдердің павильондарында болды.Виртуалды саяхаттан оралған соң зияткерлік сұрақ-жауаптарға қатысты.

        Іс-шараға қатысушылар бірауыздан,біздің Астанамыздың әсем және қазақстандықтардың мақтанышына лайықты екендігімен келісті.

Қатысушылардың,бәлкім біреуі Астанаға нағыз саяхат жасар,кейбіреуінің есінде кітапханадан алған әсері қалар.

       Құрметті риддерліктер,сіздерді біздің кітапханамызда Астананың 20-жылдық мерейтойына арналған «Сен туралы,менің Астанам!» деп аталатын топтамалардағы іс-шараларда күтеміз. 

IMG 20180110 WA0009 IMG 20180110 WA0011