+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының  ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.12.2017 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 57546 адамды құрайды, оның ішінде 54414 адам қалада, 3132 адам - ауылдық жерде тұрады.

2017 жылғы қаңтар-қарашаға халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 141 адамды құрады. Аталған кезеңде 715 бала туылды (92,5% 2016 ж. көрсеткішіне қарағанда – 773 бала), 856 адам (94,3% 2016 ж. көрсеткішіне қарағанда – 908 адам) қайтыс болды.

clip_image002.jpg

01.01.2018 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 598 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санынан – 581 (97,2%) – шағын, 14 (2,3%) – орташа, 3 (0,5%) – ірі.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

Өнеркәсіп

2017 жылғы Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2016 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне 11,1% өсумен 125641,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 86,2% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:

«Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;

«Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

Ауыл шаруашылығы

clip_image004.jpg

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі Риддер өңірі бойынша 2017 жылғы 2016 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 13,4% (3493,8 млн.теңге) өсумен 5959,4 млн.теңгені құрады, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі – 96,7%, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі 4678,1 млн.теңгені құрады, НКИ – 106,2%, мал шаруашылығының өнімі – 1281,3 млн.теңге, НКИ – 74,4%.

2017 жылғы малдарды және құстарды сойып өткізу 2016 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 985,8 тонна немесе 81,7% іске асырылды. Жұмыртқа өндірісі 1698,5 мың дананы құрап, 1,9% артты. Сүт өндірісі 31,7% азайып, 4859,2 тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы мал басының келесі түрлері:

- қой және ешкі 1549 басты құрап, 4 басқа;

- шошқа 1613 басты құрап, 10 басқа;

- жылқы 1346 басты құрап, 64 басқа;

- құстар 12735 басты құрап, 170 басқа өсті.

ІМҚ мал басын тұрақтандыру – 4873 бас деп белгіленді, ол 2016 жыл (4871 бас) деңгейіне, сондай-ақ сиыр (1940 бас өткен жыл деңгейіне қарағанда 4 басқа немесе 0,2% едәуір өсумен) сәйкес келеді.

Ағымдағы жылғы 12 айдың қорытындылары бойынша астық жинау аяқталды, 100% егіс алаңы жиналды:

-күздік астық – 61 га, 42 тонна ұнтақталды, шығымдылығы 6,9 ц/га;

-жаздық бидай – 125,5 га, 170 тонна ұнтақталды, шығымдылығы 13,5 ц/га;

-арпа – 443,9 га, 1060,3 тонна ұнтақталды, шығымдылығы 23,9 ц/га;

-сұлы – 324,1 га, 770 ұнтақталды, шығымдылығы 23,8 ц/га;

-картоп – 1110 га, 31,9 мың тонна жиналды, шығымдылығы 287,4 ц/га, ол 2016 жыл деңгейіне қарағанда 19,8% жоғары;

-көкөністер – 262,9 га, 9,01 мың теңге жиналды, шығымдылығы 343 ц/га, ол 2016 жыл деңгейіне қарағанда 40,9% жоғары.

Жем-шөп дайындалды:

-пішен 14,0 мың тонна, жоспар бойынша 12 мың тонна (116,7%);

-пішендеме 4,0 мың тонна, жоспар бойынша 2,0 мың тонна (200%);

-сүрлем 4,1 мың тонна, жоспар бойынша 2,5 мың тонна (164,0%).

         Кәсіпкерлік

01.01.2018 жылға Риддер қаласының статистикалық есебінде 2016 жылдың (408 субъекті) осы кезеңіне қарағанда 10 бірлікке немесе 2,5% өсумен 418 шағын бизнес субъектісі тұр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 2016 жылдың (261 субъекті) осы кезеңіне қарағанда 5 бірлікке өсті және 266 субъектіні немесе 101,9% құрады.

Қала аумағында екі аралас базар, 4 муниципалдық сауда алаңы, 418 дүкен (оның ішінде 244 азық-түлік дүкені), 23 дәріхана, 10 ЖҚС, 5 СТО, 63 қоғамдық тамақтану объектілері, 16 тамақ өнеркәсібі кәсіпорны, халыққа қызмет көрсететін,  64 кәсіпорын жұмыс істейді.

         Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

2017 жылғы бөлшек тауар айналымының көлемі 2016 жыл ұқсас кезең көрсеткішіне (26463,9 млн.теңге) нақты бағаларда 7,3% ұлғаюмен 28390,3 млн.теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемнен 82,5% немесе 23423,8 млн.теңге жеке тұлғалардың көлемін құрайды.

         Инвестициялар

2017 жылғы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 2016 жыл осы кезеңіне (18936,5 млн.тенге) қарағанда 7150,2 млн. теңгеге немесе 37,8% өсіп 26086,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 129,5% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылғы 12 айға 2016 жылғы ұқсас кезең көрсеткішіне (10393,2 млн. тенге) 12,7% төмендеумен 11710,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі – 107,9%.

Тұрғын үйлерді беру қаңтар-желтоқсанға өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 4,7 есеге өсіп, 8045 шаршы метрді құрады (2016 жылғы қаңтар-желтоқсан 1718 ш.м.).

         Еңбек нарығы

01.01.2018 жылға Риддер қаласы бойынша:

- 146 жұмыссыз тіркелді;

- 1485 адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 73,5%;

- 658 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 38 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адам тартылды;

- оқытуға және қайта оқытуға 227 адам жіберілді;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 326 жұмыссыз тартылды;

- 356 ашық бос жұмыс орны бар.

         Кедейшілікпен күрес

01.01.2018 жылғы жағдай бойынша өңір бойынша аз қамтылғандар ретінде есепте 27 отбасы/94 адам тұр, бұл 2016 жылғы 12 айға (47 отбасы/153 адам) 59 адамға және 20 отбасыға аз. Кедейшілік шегі 10382 теңгені құрайды.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қалалық бюджет қаражатынан әлеуметтік қолдау шаралары ретінде 32209,6 мың теңге төленді.

         Бюджет

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға барлық деңгейдегі бюджетке 6812,1 млн. теңге түсті, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 9,5% төмен.

Қалалық бюджеттің меншік кірісінің болжамы 104,1% орындалды. Жоспар бойынша 2915,6 млн. теңге, іс жүзінде 3035,5 млн. теңге түсті, жоспар 119,9 млн. теңгеге орындалған жоқ. 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда түсімдер 0,1% немесе 3,8 млн. теңгеге төмендеді. 

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2017 жылғы қорытындылары бойынша 100% орындалды, жоспар бойынша 7307,1 млн. теңге кассалық орындау 7303,5 млн.теңгені.

         Еңбек бойынша көрсеткіштер

Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізбесі бойынша 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке орташа айлық жалақы мөлшері 142763 теңгені құрады, ол 2016 жылдың осы деңгейіне орташа айлық жалақының мөлшері 3,4% жоғары.

2017 жылғы 9 айға жалақы қоры 20274,8 млн.теңгені құрай отырып, 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 3,7% өскенін көрсетеді. Жұмыс істейтіндер саны 15780 адамды құрап, 0,2% өсті.

         Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 15 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен (2017 жылғы тамызда Мичурин көшесі бойынша 280 орындық балабақша пайдалануға берілді), оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.01.2018 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 1283 бала тұр, оның ішінде 0-1 жасқа дейінгі бала – 836, 1 жастан 3 жасқа дейін – 447 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 0 бала, 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

         Халықтың науқастануы

2017 жылғы Риддер қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының дерегі бойынша 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда аурудың 4 түрі бойынша өсу тіркелді.

2017 жылғы 2016 жылдың есепті кезеңіне қарағанда 6 жағдайға немесе  27,3% төмендеумен туберкулезбен ауыратын 16 адам тіркелді. 2016 жылмен салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 38,0 бастап 27,6 жағдайға дейін көрсеткішінің азаюы байқалады.

2017 жылғы 4 сәби өлімі тіркелді, 2016 жылғы ұқсас мерзімінде 5 жағдай тіркелген. Ана өлімі болған жоқ.

Онкологиялық науқастанғандар есебіне алынғандар саны 223 адамды құрады, ол 2016 жылдың (227 адам) осы кезеңі көрсеткішіне қарағанда 4 адамға немесе 1,8% төмен. Онкологиялық науқастанудан 114 адам қайтыс болды, ол 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 4 адамға немесе 3,6% жоғары.

         Қылмыскерлік

2017 жылғы Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 2016 жылдың (1055 оқиға) осы кезеңінің көрсеткішіне 38,6% есеге өсумен 1462 оқиғаны құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2016 жылы 181,8 салыстырғанда 298,2 құрады. Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 69,9% құрады, ол 2016 жыл деңгейіне 8,6 пайыздық тармақтарға (78,5%) төмен.

Аса ауыр қылмыстар 38,1% (2016 жылы 21 бастап 2017 жылы 13 дейін) төмендегені байқалды, ашылуы 100%, ол өткен жылға қарағанда 13,6% жоғары екені белгіленді, ауыр қылмыстардың азаюы 7,8% (2016 жылы 91 бастап 2017 жылы 84 дейін), ашылуы 87,4%, ол 2016 жылға қарағанда 3,4% төмен.

Тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 32 жағдайды құрады, ол 2016 жыл тиісті деңгейінен 13,5% (37 жағдай) төмен, зардап шеккендер саны 13,5% төмендеумен 41 адамды (2016 жылы – 45 адам) құрады. Қайтыс болғандардың саны 4 адам, 2016 жылдың осы кезеңінде 12 адам болды.

Риддер өңірі аумағында 2016 жылдың осы кезеңінің көрсеткішене (90 өрт) 18,9% немесе 17 оқиғаға өсумен 107 өрт болды.

Табиғи-техногендік сипаттағы 35 төтенше жағдай тіркелді, ол 2016 жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда  (69 жағдай) 34 жағдайға немесе 2 есеге төмен.

 

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                               А. Рамазанова