+7 (72336) 4-27-00

Президент Н.Ә.Назарбаев біздің Елорда туралы былай деді - «Астана – біздің Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі». 2018 жылы қазақстандықтар үлкен сүйіспеншілікпен Астананың 20-жылдық мерей тойын тойлауға дайындалуда.

Н.В.Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» атты ұлттық бағдарламаның аясындағы «Менің Елордам, сен туралы» циклінен алынған іс-шара жалғасуда. Жас оқырмандар еліміздің бас қаласына деген сүйіспеншіліктерін «Астана - менің махаббатым!» атты музыкалық - әдебиетті түрде білдірді. «Астана – бұл бейбітшілік, мейірімділік және үміт қаласы» атты суреттелген көрмемен танысып болғаң соң, қатысушылар Астананың көрікті жерлеріне бейне ролик арқылы саяхат жасады, сүйікті қалалары туралы қазақ эстрдасының жұлдыздары Нағима Есқалиева, Алтынай Жорабаева, Әли Оқаповтардың және т.б. әншілердің орындауларындағы әндерді тыңдады. Қатысушылар өздерінің Елордаға деген сүйіспеншіліктерін мемлекеттік және орыс тілдерінде өлендер оқу арқылы білдірді.

Астана, жаңа нәрселдердің барлығын бойына жинап, қуатқа толы  және өзгерістерге әзір қала. Басқа елдердің ұлы астаналарымен бәсекеге түсе алатын, қаланы құру үшін, қазақстандықтар барлық күштерін салуда. Балалары бақытты, қарттары тыныш және көңілді студентері бар қала. Батыс пен шығысы, тоғысқан қала.

20180201 160516 IMG 20180131 154734