+7 (72336) 4-27-00

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №4 кітапхана –бөлімшесінде №17 мектептің оқушыларымен «Менің шағын Отаным» атты турнир өтті.

Іс-шара  біздің бәріміз үшін ерекше тарихы бар, көптеген рухани және табиғи байлықтарға ие шағын қала, шағын Отанымыз – Риддер болып табылатындығы жайлы әңгімеден басталды. Одан әрі балаларға тақырыптар бойынша сұрақтардан тұратын «Менің шағын Отаным» білімділер турниріне қатысу ұсынылды:

  1. Бұл жерде менің отанымның бастауы бар. (Тарих)
  2. Таулар мен тұмандар арасында. (Табиғат)
  3. Өзінің адамдарымен даңқты қала. (Жерлестер)
  4. Риддер – болашаққа ұмтылатын қала. (Экономика)
  5. Риддердің кемпірқосағы. (Мәдениет)

Турнир барысында балалар өздерінің туған қаласы жайлы: Риддер қаласының білімінің бастауында кімнің болғанын, қаланың маңында қандай қорықтың бар екендігін, Жеңіс қоржынына Риддердің қандай еңбегінің үлесі ықпал еткені жайлы қызықты деректерді білді. Турнир барысында қатысушылар қаланың экономика, білім беру және мәдениет және т.б. мекемелерінің жетекші салаларын атады.

Іс-шараның соңында балалар өздерінің шағын Отанын жақсы көрулері қажет екендігі, оның табиғатына ұқыпты қарап, тарихын құрметтеуге, жерлес-батырларымыз туралы естеліктерді мәңгі есте сақтап, көрнекті замандастарымызды мақтан тұтуға тиіспіз деген қорытынды түйді. Және де өздерінің болашақтарын біздің қаламыз Риддерге арнауға дайын екендерін айтты.

drhytedheth fdgdfdrh