+7 (72336) 4-27-00

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Оқушылар үйінде азаматтық қорғаныс күніне орай «Алға, құтқарушылар» қалалық ойын- сайысы өткізілді.

Бұл сайысқа қала мектептерінен «Юниты» №3 ОМ, «Dont stop» №2 ОМ, «Бүркіт» №14 ОМ, «Жалын» №5 ОМ, «Жалын» №16 ОМ, «Қыран» №9 НОМ, «Экстрим» №1 мектеп лицейінің 6-шы сынып оқушылары қатысты.

«Өрт кезінде 101-ді қалай теруге болады?», «Медсанбат», «Тоқта, ТЖ» және тағы басқа станцияларда оқушылар өздерінің азаматтық қорғаныс тақырыбы бойынша ережелерді жақсы білетіндерін көрсетіп, қалай құтқаруға болатындарын, қалай нұсқаулық беру керектігін, қажет жағдайда қалай шұғыл көмек көрсету қажет екендерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Жалын» №16 ОМ танылса, 2-ші орында «Экстрим» №1 мектеп- лицейі, 3-ші орынды «Dont stop» №2 ОМ командалары бөлісті.

Бұқаралық бөлім меңгерушісі : Л.Кожухова

20180223 153532 IMG 0498 IMG 0532 IMG 20180223 WA0050