+7 (72336) 4-27-00

23.02.2018 жылы Достық үйінің залында Достық үйінің қоғамдық келісім кеңесі құрамымен, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті.

ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауы– біздің қаламыз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Президент Жолдауында ел дамуының айқын, нақты қадамдары ойластырылып, әрбір қазақстандықты ойлануға мәжбүрлейді. «Адами капитал – жаңғыртудың негізі» атты жетінші басымдық жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.

«Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Риддер қалалық мәслихатының депутаты: «Біз, Қазақстан халқы болғандықтан жасымызға, әлеуметтік жағдайымызға, атқаратын лауазымымызға қарамастан бір мақсатқа ұмтылуға тиіспіз, осы Жолдауды іске асыруға жауаптымыз» деді.

Қатысқандар- 16 адам

detuki 1 detuki 2