+7 (72336) 4-27-00

Қазақ халқы, ежелгі әдет – ғұрыптарды сақтай отырып, халқының нендей заманнан өткенін ұмытпай, өздерінің ата-бабаларын қастерлейді және құрметтейді.

Орталық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлері» атты мультимедиялық сабақ өтті.

Кітапханашы қазақтың салт – дәстүрі, әдет- ғұрыпы жайлы айтып берді. Балалар қазақ халқының салт – дәстүрі, тұрмыстық заттары, ұлттық киімдері, және музыкасы, музыкалық аспаптары, ұлттық ойындары және де, ең бастысы Орталық Азияның - Наурыз мейрамы туралы білді.

Қонақжайлылық, үлкендерге құрмет көрсету, ақсақалдар мен әйелдерді құрметтеу, үлкендерге жол беруге тырысу Қазақстанның барлық халқына тән қасиет. Балалар «шілдехана»,« тұсаукесер», «тілашар», «сүйінші», «шашу», «қонақасы», «бата» секілді қазақтардың салт – дәстүрлерімен кеңірек танысты. Мереке басынан, соңына дейін қазақтардың салт – дәстүрлері жайлы слайд презентациясымен суйемелденді.

Іс-шараның соңында балалар «Сен қазақтың салт- дәстүрін білесің бе?» деген сұрақ- жауапқа қуана жауап берді.

sergysgtsregs