+7 (72336) 4-27-00

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 26 ақпанда «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-да Риддер аграрлы-техникалық колледжінің студенттеріне «Демидовтар қаласының жер асты құпиялары» атты кинодәрісі өткізілді.

Риддер кен орнын ашу 18 ғасырдың 20-шы жылдары Алтайда тау ісінің пайда болуымен тығыз байланысты еді. Кенді Алтайдың «Өмірбаяны» Колывано-Воскресенских атауын алған демидовтар кәсіпорыны ашылып және өнеркәсіп иесі А.Н. Демидовпен Алтай құндылықтарын игеруден басталған делінеді.

Музей мамандары С.В. Никифорова және О.В. Андреева іс-шара қатысушыларын көптеген тарихшыларға ашылмаған жұмбақ болған қалған, Колывано-Воскресенских зауытының тарихымен таныстырды. «Демидовтар қаласының жер асты құпиялары» фильмінен экспедиция қатысушылары көптеген басқада сұрақтарға жауаптар табуға тырысқан.

Колывано-Воскреских зауытының тарихы жалғасты....

Біздің қаламызды алғашқы болып ашқан адам, әскери міндетінен босатылып Колывано-Воскреских зауытында жұмыс істеген. Дәл сол жерде Колывано-Воскреских зауытының бастығы Гаврил Качка кен орнын іздеу партияларын ұйымдастырып, оның біреуін 1786 жылы Ф.Ф. Риддер басқарған және Риддерлік деп аталған приискті, және де Калыванский тегістеуші фабрикасы үшін керемет материал болған, өңделген тастардың 59 түрлерін ашқан. Бүгінгі күні Эрмитаж және Павловск сарайы-музейінен көруге болатын, риддерлік яшмадан және брекчидан вазалар, колоналар және іргетастар дайындалған.

Іс-шараға «Тау зауытынан қалған ескі қалдықтар» атты шағын көрме дайындалды. Өзінің еңбектерінің бергайерлермен қолданылған бірнеше заттары көрсетілді: қолдан жасалған тері, кайла, күрек, теріден жасалған сөмкелер, бөренелерді кесуге арналған ара, әйгілі риддерлік яшма және ақша белгілерінің үлгілері.

wehtw4th 1 wehtw4th 3 wehtw4th 2