+7 (72336) 4-27-00

Тілі бөлек болғанымен тілегі бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл,

                                     Қазақ жері бар ұлысқа шаңырақ

   Шайқалмасын шаттығымыз мәңгілік!

Н.В. Гоголь қалалық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында, Қазақстанда 2016 жылдан бері атап өтілетін Алғыс айту күніне арналған «Қазақ жеріне тағзым» атты достық кездесу өтті. Бұл күнді атап өтуге Қазақстан Республикасының Президенті- Н. Назарбаев өзі бастама болған. Мерекеге «№ 2 ОМ мектеп» КММ оқушылары, жетекшісі Ж.Ж Тайғұлова қатысып, Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында Республикамызда Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынған сұхбатын тамашалады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1-наурыз – «еліміздің халықтары бір біріне және қазақ халқына сол жылдардағы көптеген халықтардың елімізге жер аударылып келген кезіндегі шыдамдылықтары мен қонақжайлылықтары үшін алғыстарын білдіре алады». Мемлекет басшысы сол кезде «Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді» - деп айтқан еді.

Оқушылар сонау 20 ғасырдың 30 – 50 жылдардағы Қазақстанда жер аударылған халықтарды қалай қарсы алғандары жайлы бейнежазбаларды тамашалап, сол жылдардағы оқиғаларды өз көзімен көрген адамдардың әңгімелерін тыңдады.

Қазақстан көптеген этностарды, өзге ұлт өкілдерінің басын біріктірді, мәдениетіміз өзара байып, өзара кірігуі болып, ортақ ұлттық мерекелеріміз болды, біз бір бірімізге рухани байығанымыз үшін, біздің өміріміздің әр алуан болғаны үшін алғыс айтамыз. Бірге өмір сүріп жатқан халықтардың салт- дәстүрін жақсы білетініміз жайлы оқушылар арасында «Бір шаңырық астында» атты этно - викторинаны Риддер қаласының Халықтар достығы үйінің этномәдениет бірлестігі өткізді. Жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар табысталды.

«Өз тарихыңды есте сақта және мақтан» – бұл Алғыс айту күнінің басты талаптарының бірі. Мереке мақсатының тағы бірі – өскелең ұрпақты толеранттылыққа (төзімділікке), достыққа және бір-біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу, сондай-ақ, Қазақстанда этноаралық және ұлтаралық байланысты нығайту.

IMG 20180228 115205 IMG 20180228 124313 IMG 20180228 120002