+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 02 наурызда «Риддер тарихи – өлкетану музейі» КМҚК музей мамандары О.Ю.Сомова және Г.Е. Полторанинамен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «№14 орта мектебі» ММ 11-шы сынып оқушыларына «Органикалық әлемнің дамуы» атты биология сабағы өткізілді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама мақаласында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев «Туған жер» бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Ол былай деді: Патриотизмнің бірден бір маңызды құбылысы-бұл әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуі керектігі және оларға Қазақстанның барлық оқу орындарында міндетті оқу курсы ретінде «Өлкетануды» енгізуді ұсынды.

11-сі сынып оқушылары мектептегі сабақтарда «Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы» және «Органикалық әлемнің дамуы» тақырыптарын оқып шыққан және музейдегі биология сабағы олардың бұрын алған білімдерін толықтыра түсті.

Геология – Жердің қыртысының құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихының заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені. Милиондаған жылдар ішінде Алтайда болған, геологиялық оқиғалар туралы, Лениногорск шұңқырының қалыптасуы туралы әңгімелер айтылды. Күшті тектоникалық және жанартау құбылыстары өлкенің климатымен бедерлерін қалыптастырған, ал қатарлас өсімдік және жануарлар әлемі екпінді түрде дамыған.

Жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған көріністерін зерделейтін палеонтологияда, эволюциялық үрдістің қайтымсыздығын белгілеуге мүмкіндік береді. Ауа-райы жағдайының ауысымы флора және фаунаның құрамын түбірімен өзгерткен. Құрғақ және суық ауа-райы жағдайында Риддер аймағының бүкіл аумағы қылқанды орманға айналып, тайганың жануарлары мен құстары пайда болған.

Оқушыларға Риддер тарихи-өлкетану музейінің палеонтологиялық жинақтары көрсетіліп, Риддер қ. палеонтология мамандары Виктор Александрович және Полина Николаевна Ларионовтар туралы әңгімелер айтылды.

SAM 0070 SAM 0087 SAM 0079