+7 (72336) 4-27-00

Риддер тарихи-өлкетану музейінде әуесқой-палеонтологтар Ларионовтарға арналған жаңа экспозиция ашылды.

Музейдің палеонтология жинағы ауқымды және музейліктер үшін ерекше бір мақтанышы болып табылады. Табиғат залында ұсынылған ежелгі тасқа айналған жануарлар мен өсімідіктердің жинағы әртүрлі кезеңдерде, қазіргі Риддер орналасқан жерде 4,5 миллион жыл бұрын тіршілік қалай пайда болғаны туралы бейнеленген. Өлкенің әйгілі білгірлері Виктор Александрович және Полина Николаевна Ларионовамен қаланың шегінде және маңында тасқа айналған мүсіндерді жинаған. Арнайы білімдері жоқ болсада, уақыт іздері олар үшін ашық кітап секілді болды.

Зерттеудің бірнеше жылдар ішінде фауна және флораның іздері туралы үлкен жинақтарын жинап, өздерінің жәдігерлерімен отандастары мен шетелдік ғылыми орталықтарымен бөліскен. Олармен жүргізілген зерттеулер кезінде қызығушылық танытатын палеонтологиялық тіректердің фактілері табылған.

Сүйікті зерттеу жұмысы, адамдармен талап етілетін жұмыс олардың армандары болды.

2015 жылы қайғылы қазадан кейін олардың жоспарлары үзілді. Әйгілі өлкетанушылар, зерттеуші-майталмандар, жаңадан ашылған экспозиция Ларионовтарды еске алуға арналған еді, аталған көрмеде музей қорынан олардың өмірлері және қызметтерімен байланысты құжаттар, фотосуреттер, дала жағдайында жазылған күнделіктер ұсынылды.

            2018 жылғы 2 наурызда музейде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде экспозициялары тақырыпқа сай көрнекі материалдар болған, «14 орта мектебі» ММ 11-ші сынып үшін сабақ өткізілді. Көптеген қатысушылар үшін экспозиция өлкетану сабағына көмекші болса, ал біреулер үшін өлкеміздің тарихи қойнауының тағы бір парағын ашу үшін көмекші болары сөзсіз.

20180302 164948 20180302 165014