+7 (72336) 4-27-00

             2 наурыз күні «№1 мектеп-лицей» КММ негізінде қала мектептері өкілдерінің қатысуымен қалалық Әскери – патриоттық ән фестивалі өтті. Аталған шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, Отанымыз туралы және соғыс жылдарының әндері үлгісінде өскелен ұрпақта патриотизммен азаматтылықты тәрбиелеу, өз елі үшін мақтан тұтуды, үлкен буынға құрметпен қарауды тәрбиелеу. Фестивальжің құрметті қонақтары – Ұлы Отан соғысының қатысушылары, Риддер қаласының Құрметті азаматы Г.С. Шувалов, Ардагерлер кеңесінің төрайымы, қаланың құрметті азаматы К.Г.Шушакова; полковник -       П.Е. Рытов, Ауғанстандағы әскери әрекеттердің қатысушысы, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы - Е.А. Бахтияров; Риддер қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы - А.О. Дүкенбаева, тыл еңбеккерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері.

             Әндерді оқушылар ғана емес педагогтар да орындады. Көрермендер әр орындауды ду қол шапалақпен сүйемелдеп отырды. Фестивальдің әрбір қатысушысына дипломдар мен алғыс хаттар, құрметті қонақтарға – сыйлықтар тапсырылды.

             Фестиваль өз мақсаттарына жетті. Париоттық тәрбиелеудің мазмұны «патриотизм» ұғымының мазмұнын білдіреді, оған өз еліне, туған жеріне, өз Отанының өткен тарихына, өз елінің салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету, ұлтаралық қатынастың мәдениетін қалыптастыру, өз Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанымыздың абыройы мен қадір қасиетін нығайту болып табылады.

6rE6ER8TjNk uAIXQoebri4 RXBI6FtsXZA