+7 (72336) 4-27-00

Көктемнің бірінші күнінде қазақстандықтар Алғыс айту күнін үшінші жыл атап өтеді. Бұл үрдістен «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК да шет қалмаған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы 2 наурызда музей мамандары            О.В. Андреева және С. В. Никифорова мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін «Незабудка» орталығында «Алғыс шын жүректен айтылады» атты музей сабағын өткізді.

            Іс-шара барысында елімізде тату-тәтті өмір сүру үшін қажетті мерекенің тарихы, түрлі көзқарастар және келісімнің толеранттығы туралы, миллиондаған адамдардың қайғылы тағдырларының салдарынан, оларды және олардың ата бабаларын осы қазақ жеріне әкелгендерге қол ұшын беріп, өзінің қонақжайлылығымен бауырына басқан, халықтардың әдет-ғұрыптары мен салт –дәстүрлері туралы айтылды.

Постерлерде балалар өз сөздері және белгілермен Президентімізге, ата-аналарына және достарына ризашылықтарын білдірді. АЛҒЫС АЙТУ туралы түсінік берді. Қазақстан аумағында қандай халықтар тұратындары туралы айтып берді.

«Алғыс айту күнімен Құттықтаулар», «Қазақстаның ұлттық бірлігі», «Кавказ лезгинкасы», «Әсерлі неміс биі», «Желпуішпен кәріс билері», «Қазақстан жері» бейнероликтер көрсетіліп, слайд тұсаукесері дайындалды.

«Еркін микрофон» рефлексиясында өзіне не анықтағандары, не түсінгендері, не туралы ойлағандары туралы өз пікірлерін білдірді.

Тәжірибелік тапсырмада Қазақстанның барлық халықтарына «Бейбітшілік және алғыс айту гүлін» жинады.

Алғыс айту күні - бір-бірлеріңізге кіршіксіз сезімдеріңізді білдірудің жаңа қадамы, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтудың бір себебі. Жолдастарының біреуінің туған күні, оларды дастархан үстінде тағы бір мәрте бір-біріне жақындастыруға көмектесті, кездесуге қуанышты болып және жолдастарының көмегіне жүгінуге көмек болды.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз.

20180302 161027 20180302 161125