+7 (72336) 4-27-00

№1 кітапхана-бөлімшесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Халықтың дәстүрлері өмір сүріп, күшейе түссін» атты кітапханалық сағат өтті. Кітапхалық сағаттың эпиграфы Н.Назарбаевтың: «Дәстүрлер мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды» сөзі болды.

Кітапханашы қазақ халқының ең жарқын және қызықты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп берді. Бай қазақ мәдениеті бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, көптеген дәстүрлер мен салт-дәстүрлерді сақтап қалды. Оларды қалыптастыруға үлкен әсер еткен тарихи оқиғалар мен діни көзқарастар.

Қонақжайлылыққа ерекше назар аударылды. Бұл қазақ халқының айрықша ерекшелігі.

Кейін кітапханашы қазақтың «Қонақасы» әдет-ғұрыпының шығуы туралы аңызды әңгімелеп берді. Ары қарай қатысушылар кітапханашының үйлену тойлардың қалай өткізілетіні туралы әңгімесін тыңдады. Қазақтар үшін үйлену - ең жақсы және әдемі дәстүрлердің бірі, бұл олардың өміріндегі ең бастысы.

Қазақтың баланы тәрбиелеуінің өз ерекшеліктері бар. Олардың тамыры ежелгі дәуірге дейін жетеді. Кітапханашы егде жастағы ұрпаққа дәстүрлі құрметпен қарау, даналықты құрметтеу, ата-бабаларымызды құрметтеу туралы атап өтті. Қазақ халқы өздерінің ата – бабасының жеті атасын білуге міндетті.

Кітапханалық сағаттың соңында қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы фильм көрсетілді.

IMG 20180207 112051 IMG 20180207 112154