+7 (72336) 4-27-00

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  Оқушылар үйінде қалалық «Қуыршақтар әлемі» қолданбалы - декоративтік шығармашылық көрме- жәрмеңкесі өткізілді.

Оған қаланың мектептерінің оқушылары, бала бақша тәрбиеленушілері мен оқушылар үйі шығармашылық бірлестіктерінің тәрбиеленушілері қатысты. Көрмеге барлығы 118 жұмыс қойылды, оның 48-і жүлделі орындарға ие болды. Көрменің бас жүлдесін «№16 ОМ» КММ 3 «А» сынып оқушысы Сердечный Давид иеленді.

Көрмеге қатысушыларға жүлде тапсыру қызықты викторина сұрақтарына жауап берумен, түрлі ойындармен, «Каприз» би театрының әдемі билерімен, «Қызықты ноталар» вокалдық студиясының әдемі әндерімен «Ертегі» әдеби- шығармашылық бірлестіктерінің қызықты қойылымдарымен толыға түсті.    

Бұл шараның ең тартымды да қызықты сәті Өскемен және Риддер қаласынан келген шеберлердің көрме –жәрмеңкесі болды.  Қолдан жасалған қуыршақтардың алуан  түрлілігі мен кереметтілігіне барлығы да таңдай қағысты.

 Бұқаралық бөлім меңгерушісі: Л. Кожухова

DSCN5651 DSCN5716