+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 9 наурызда «Незабудка» орталығында «Шексіз музей» бағдарламасы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК мамандары О.В. Андреева және С.В. Никифорова «Кітап - жаңа білімнің қайнар бұлағы және өзін-өзі жетілдірудің жолы» атты кезекті музей сабағын өткізді.

Қазіргі заманауи адам аудио көрнекі өнімді белсенді меңгереді, ал кітап ақырындап екінші жоспарға ысырылып, кітап оқу өзіңнің жан дүниеңді тәрбиелеу процесі болудан қалуда. Іс-шараның мақсаты кітаптың құрылу тарихы туралы білімдерін кеңейту. Балалардың білімге деген құштарлығын қазақстандық жазушыларды және олардың әдеби шығармаларын дәріптеу арқылы арттыру.

Балалар өздерінің олардың әрқайсысына кітаптың не үшін қажет екендігі жайлы білімдерімен бөліскен бізге кітаптың не үшін қажет екендігі туралы әңгіме жүргізілді. Қандай авторлардың және қандай кітаптарды оқу қажет екендігі туралы ұсынымдар берілді. Кітапты қалай ұқыпты ұстау керектігі туралы ережені қайталады.

Физминутта балалар бөлек тұрған сөздерден кітаптар туралы мақалдар құрастырды. Аталған іс-шара шеңберінде балалар бейне роликтерден «Кітаптар қалай жасалады?», «Қандай кітапханалар болады?», «Ерекше адамдарға арналған кітаптар», «Үлкен және кішкене кітаптар» туралы таныс болды.

Музей кітапханасының кітаптарымен танысып, «Ф.Ф. Риддер и его время», «В сокровищнице земных недр», «Город рабочей доблести» және т.б. кітаптар атауларына назарларын аударды.

«Кітаптар ауруханасында» балалар сырқат кітаптарға көмек көрсетті. Мұқабаны түптеу жұмысын үйренді.

IMG 20180302 120342 IMG 20180302 132307