+7 (72336) 4-27-00

№ 3 кітапхана бөлімшесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

Ш.Ниязбековтың туғанына 80-жыл толуына байланысты «Жүрегімде ғасырдың салмағы» атты әдеби пікірталас өтті.

Іс-шара басында Қазақстан Республикасы туының авторы,суретші Ш. Ниязбеков жайлы қысқаша мағлұмат беріліп,оның шығармашылығынан тартымды деректер келтірілді. Пікірталас барысында оқырмандарға Қазақстан Республикасы туының кескіні көрсетіліп, бұл мемлекеттік рәміздердің бірі екенін дәлелдеу ұсынылды.

Барлық қатысушылар тудың бейнесін және жалаудағы суреттердің нені білдіретінін білетін болып шықты.

Сонымен қатар балаларға суретші Ш. Ниязбековтің басқада шығармалары ұсынылды.

«Ана», «Абай», «Ш.Уәлиханов», «Құрманғазы»,Алматы қаласының елтаңбасы сияқты еңбектері суретшінің жеке көрмесіндегі каталогтардан қомақты орын алады.

Іс-шара соңында кітапханашы Ш.Ниязбеков тек қана Қазақстан Республикасы туының авторы ғана емес, сонымен қатар әлемге әйгілі суретші, халықаралық конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпазы екенін айтып қорытындылады.

 seuyseuye5t 1 seuyseuye5t 2