+7 (72336) 4-27-00

 «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының «Тәрбие және білім»  кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде  Оқушылар үйінде қала мектептерінің алтыншы, жетінші сынып қыздары қатысқан  «Көктем карнавалы» қалалық сайысы өткізілді.

 Сайыстың алғашқы кезеңінде  «Я на свете всех милее» өзін -өзі таныстыру сайысында қатысушылар түрлі жанрда өздерін таныстырды.

 Екінші кезеңде әр қатысушы өздерінің көктем тақырыбындағы костюмдерімен  таныстырды. Олар түрлі үлгідегі, көктемді бейнелейтін түрлі материалдардан жасалған костюмдерді көрермендер назарына тарту етті. Барлық қыздар берілген тапсырманы жақсы орындап шықты.

 «Менің талантым»  үшінші кезеңінде  барлық қатысушылар өлең айтып, тақпақ оқып, би билеп конкурсты мерекелік концертке айналдырды.     

Барлық костюмдер де бірінен бірі асады, өнерлерін де жандарын аямай көрсетті. Алайда сайыстың аты сайыс  және әділ қазылар алқасының алдында жеңімпаздарды анықтау таңдауы тұрды.

 Үшінші орынды -Лихачева Вероника (№10 ОМ) және  Полянская Александра ( М.Горький атындағы ОМ) бөлісті.

Екінші орында - Күндебаева Альмира  («Шанырақ мектеп- гимназиясы») және  Захарова Алина (№12ОМ).

Бірінші орынды- №5ОМ оқушысы - Джафарова Нурана және  Дрогалева Елизавета иеленсе, сайыстың жеңімпазы болып бас жүлдені  - №5ОМ  тәрбиеленушісі Слабкина Татьяна жеңіп алды.  

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. 

Оқушылар үйінің педагогы: Т.Казанцева

IMG 2263 IMG 2262