+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 15 наурызда «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде, Риддер қ. Қалалық білім беру бөлімімен бірлескен жоспарын іске асыру бойынша география сабағы дайындалды және өткізілді.

№3 мектептің география пәнінің мұғалімі Әділет Жумаханұлы Хаджымұратов 6 сынып оқушыларын Лениногорск шұңқырының климатымен және фенологиясымен таныстырды.

Балаларға ауа қысымының кестесін жасау, жел тармақтарын салу, тапсырмаларды шешу секілді тапсырмалар берілді. Музей кеңістігіндегі қалыпсыз жағдайдағы шығармашалық жұмыстар ұсынылған материалды тиімді меңгеруге мүмкіндік береді. Музей экспозицияларында Риддер қ. Ауа райын болжау станциясының жұмысы бойынша ғылыми-зерттеу материалдар, сондай-ақ ауа температурасын, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшеуге арналған жабдықтар көрнекіліктер түрінде ұсынылды.

Қала мектептерінің оқушылары Риддер тарихи-өлкетану музейіне тұрақты келіп тұрады, осылайша олар халықтың рухани, мәдени және тарихи мұрасына араласа отырып, білім деңгейлерін көтереді.

SAM 0002 SAM 0022