+7 (72336) 4-27-00

Мектеп демалысы күндері Риддер тарихи-өлкетану музейі оқушыларға қонақжайлылық танытып, құшақ жая қарсы алды. Мақсаты ұлттық-мәдени сәйкестікті сақтау, туған жеріне, оның мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру болып табылатын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, 2018 жылғы 28 – 29 наурызда №2 мектептің 2, 4, 7-сынып оқушыларына музей мамандары             С.В. Никифорова мен О.В. Андреева «Астана –жаңа әлем қаласы» атты кинолекторииін өткізді.

Балалар Астананың қазіргі кездегі ғажайып қала болуы үшін қандай ұзақ жолдан өткендігі туралы білді. Қазақстанның басты қаласы - Астана туралы, басты көрікті жерлері туралы («Бәйтерек» монументі, «Ақорда» президент резиденциясы, «Думан» мәдени-көңіл көтеру орталығы, «Атамекен» этнобағы және т.б.) және астанамыздың рәміздері туралы білімдерін жетілдірді. Қаланың болашақ дамуына саяхат жасады. Миллиондаған астана тұрғындарының қай жылы пайда болғаны, қала тұрғындары санының өсу қарқыны туралы таныс болды.

Әңгіме слайдтық тұсаукесерімен және бейне фильмдермен безендірілді. Слайд саяхаты әуендер және түсініктемелермен сүйемелденді.

Тыңдармандар үшін, Астана қаласының визит карточкасы болып қалыптасқан-Бәйтерек алғашқы ұлы монументі туралы әңгімесі өте қызықты болды. «Бәйтерек туралы аңыз» құммен салу анимациясының бейнесі көрсетілді.

Іс-шараның соңында балалар ЭКСПО-ға барған сапарларында алған әсерлерімен бөлісіп, еліміздің басты қаласына арналған, С. Байғожиннің орындауындағы Т. Мухамеджановтың музыкасына және Н. Назарбаевтың сөзіне жазылған «Менің қалам» атты әнін тыңдады.

dhffdhdfhdfh 1 dhffdhdfhdfh 2