+7 (72336) 4-27-00

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілген Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы

 «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды табу мақсатында 2018 жылғы 28 наурызда сағат 15.00-де көркемсөз оқу шеберлігін игерген жастар арасында, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауын өткізді. Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Дүйсембина Әйгерім («Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы) иеленді. Айдынқызы Айым («Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы) І орын алса, Дүйсембина Назерке («Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы) мен Әбен Диас («Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы) ІІ орынды бөлісті. ІІІ орынды үш адам иеленді. Олар: Кочнева Анастасия («№16 орта мектебі» КММ), Оразбаева Әйгерім («№ 17 орта мектебі» КММ) и Колганова Алина ( «№2орта мектебі»КММ).

P80328 154703 P80328 152819 P80328 153159 P80328 161300