+7 (72336) 4-27-00

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 30 наурызда «Ертегі қарбалысы» қалалық актерік шеберлік сайысы өткізілді. Оған қала мектептерінің 6 сынып оқушыларынан құралған 6 команда қатысты. Сайыстың ұйымдастырушылары Риддер қаласының оқушылар үйі және №1мектеп лицейі.

Сайыстың бірінші турында қатысушылар көрермендерді «Ертегілер елінде қонақта» визиттік карточкасымен өз командаларын түрлі шығармашылықтарымен таныстырды.  

Сайыстың келесі кезеңінде балаларға 15 сұрақтан тұратын ертегілер викторинасына жауап беріп өздерінің білімдерін көрсетуді ұсынды. Ол үшін сайысқа қатысушылар «Сұрақтар мен жауаптар кабинетінде» ойдан шығарылған жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен сұрақтарға жауап берді.

Зияткерлік сайыста өздерін жақсы көрсеткен жас әртістер сайыстың келесі кезеңі «Ертегілік шу» үй тапсырмасын көрсетуге өтіп, белгілі ертегілердің трейлерін, өздерінің жазған әңгімелерін төреші көрермен назарына ұсынды. Орындаудың әрқайсысы шынайы және жарқын болды.

Сайыстар арасындағы үзіліс кезінде көрермендер де сахна төрінде өздерінің актерлік шеберліктен көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлде - «Сказочное созвездие» (№1 лицейі) командасына берілді.

1-ші дәрежелі дипломмен «Тридесятое царство» (№10 ОМ) командасы марапатталды.

2 орын, сәйкесінше 2-ші дәрежелі дипломмен «Ертегілер әлемі» («Шанырақ» мектеп-гимназиясы) командасы марапатталды.

Үздік жеңімпаз үштікті «Бременские музыканты» (№2 ОМ) командасы аяқтады.

Барлық сайысқа қатысқан «Оранж» (№14 ОМ), «Лукоморье» (№5 ОМ) командалары алғыс хаттармен марапатталды.  

Барлық жүлдегерлер Риддер қаласы білім беру бөлімі және ішкі саясат бөлімі атынан естелік сыйлықтарға ие болды.

«Оқушылар үйі» КМҚК

бұқаралық бөлімінің меңгерушісі:                                             Л. Кожухова

20180330 135450 20180330 153824 20180330 154041