+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 102 конкурс жарияланды, оның ішінде 427,79 млн.теңге сомасында 57 конкурс өткізілді және 25 өнім берушімен, соның ішінде Риддер (18), Өскемен (6), Астана (1) шарт жасалды. 45 конкурс бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр.

         Сондай-ақ 2018 жылғы 1-тоқсанға Риддер қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және оларға ведомстволық бағынысты мекемелер 1178,5 млн. теңге сомасында 776 бір көзден сатып алу және баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен өзге де тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде 101,65 млн.теңге сомасында тауарларды, 686,3 млн.теңге сомасында жұмыстарды және 390,5 млн.теңге сомасында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүргізді.