+7 (72336) 4-27-00

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №3 кітапхана-бөлімшесінде «Латын тілі әлемдік мәдениетінің құбылысы ретінде» тарихи экскурсиясы өткізілді.

Тарихи экскурсия латын алфавитінің пайда болу тарихын терең зерделеу, әліпбимен танысу және латын әліпбиін пайдалануды көздейтін заманауи ақпараттық-коммуникациялық орта ерекшеліктерін зерттеу үшін өткізілді.

Экскусия Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің мәдени – өркениетінің дамуы туралы айтылатын «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласымен танысудан басталды. Латын графикасына көшудің арқасында Қазақстан әлемдік ақпараттық кеңістікте тығыз енетін болады.

Экскурсия барысында латын әліпбиіне көшу туралы айтылатын мерзімді басылымдарға шолу жүргізілді. Кітапханашы қазақ тілін латын графикасына көшірудің маңыздылығын түсіндірді, қатысушыларды жаңа қазақ әліпбиімен таныстырды.

Тарихи саяхат аяқталғаннан кейін балалар латын тіліндегі транскрипцияда өздерінің есімдері мен тегін жазуға тырысты.

rhytrhyrthyrthyth