+7 (72336) 4-27-00

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын және Халықаралық табиғатты қорғау «Парктер шеруі» акциясын жүзеге асыру аясында Оқушылар үйінде, №16 ОМ және №3 ОМ 4- сынып оқушылары қатысқан, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қолдауымен «Бұл жер сенікі мен менікі» зияткерлік сайысы өткізілді. «Экос» және «Экологтар» екі команданың жас қатысушылары туған жер туралы білімдерімен сайысып, экологиядағы кездесіп жатқан мәселелер туралы айтылды.

«Эковизитка» бірінші конкурста қатысушылар өздері туралы айтып қана қоймай, берілген тапсырмаға шығармашылықпен қарағандарын көрсетті.

«Бәрі де табиғат туралы» викторина сайысында сайысқа қатысушылар үлкен қызығушылықпен жауап беріп, «Қара жәшіктегі» сұрақтарға жауап берді.

«Табиғаттың экологиялық белгілері» және «Қалдықтардың ісі» сайысында сайыскерлер экологиялық білімдерін ғана көрсетіп қоймай, өздерінің қиялдарымен де бөлісті. Газет, полиэтилен, диск, қақпақ, пакеттерден қандай пайдалы заттар жасауға болатынын көрсетті.

«Қанаттылар әні» сайысында сайыскерлер түрлі құстардың дауысын ести отырып, қай құстың дауысы екенін табуға тырысты.

Сайыстың қорытынды кезеңінде жас экологтар Қызыл кітап беттерін «парақтап ашумен» танысып, Қазақстандағы сиреп бара жатқан жануарлар мен құстардың атауларының қалай дұрыс жазылуы керектігіне тоқталды.

«Көрермендермен ойын» кезеңінде барлық келген жанкүйерлер де сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысты.

Сайыс оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, жоғары деңгейде өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңіске №16 ОМ «Экологтар» командасы жеңіске жетті.

Сайыс соңында барлық қатысушылар «Экологиялық бауырсақтар» қуыршақ қойылымын тамашалауға шақырылды.

Барлық қатысушыларға Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

20180413 124851 20180413 131245