+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 17 сәуірде «Риддер тарихи – өлкетану музейі» КМҚК-да О.Ю. Сомовамен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасы шеңберінде «№5 орта мектебі» КММ 6-шы сынып оқушыларына арналған «Қазақстанның ежелгі тарихы» атты лекция –экскурсия өткізілді.

Іс-шара балаларды Ежелгі Қазақстанның байлықтары, Риддер өңірінің, Шығыс Қазақстан облысының, Риддер аймағының және еліміздің археологиялық ескерткіштерімен таныстырды. Осы аумақта мекендеген тайпалар материалдық және рухани құндылықтардың қоймасы болып келетін, ежелгі бірегей ескерткіштерін қалдырған.

«Туған жер» бағдарламасы мәдени ескерткіштер мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстарды қамтиды. Ауқымды зерттеулер Шығыс Қазақстанның бірнеше жерінде - 5 ерекше археологиялық нысандарда жүргізіледі, ашық аспан астында музейлер құрылуда, бұған дәлел Берел қорғаны.

Іс-шара әртүрлі дәуірлердегі артедеректерді, тұсаукесерлерді және бейнематериалдарды көрсетумен сүйемелденген. Көрнекі оқу құралдарын пайдаланып өткізілетін музей сабақтары балалардың тарихқа деген құлшыныстарын дамытуға мүмкіндік береді.

SAM 0012SAM 0016SAM 0049