+7 (72336) 4-27-00

Н.А. Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында «Рухани жаңғырудың тұжырымдамасы ұлттық санадағы өзгерістерді болжайды» деп жазды. Бүгінде біртіндеп іске асырылып жатқан біздің халықтың өркениеттік дамуының өз векторын сипаттайтын бағдарламалық мақаланың міндеттері. Олардың ішінде - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар», жас ұрпақты ғаламдық интеллектуалдық құндылықтармен таныстыру үшін әзірленген. 

Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері «Тілдерді оқыту орталығы» КММ және «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ұлттық бағдарлама аясында «100 жаңа оқулықтар - 100 жаңа мүмкіндіктер» атты ақпараттық кездесу өткізді. Кездесуге «№2 ОМ» КММ оқушылары, Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметкерлері қатысты.

Алғашқы, өте маңызды қадамдар жасалды: 100 жаңа оқулықтың 18-і мемлекеттік тілге аударылды. Тілдерді оқыту орталығының директоры Қаржаубаева Маржан Мәметекқызы және әдіскері Садықова Құралай Кәукенқызы осы оқулықтарға талдамалық шолу өткізді, бұл қазіргі таңда барлық қазақстандықтарға танысуға мүмкіндік беретін әлемдік оқулықтардың үздігі екендігін атап айтты.

Риддер қаласы жастар мәслихатының депутаты Құрманғалиев Ерасыл өз сөзінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» қазіргі заманғы технологияларды және дамыған елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа мүмкіндіктерді, оқушылар мен жастарды жаңа сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда деп айтты.

Кітапхана қызметкерлері қоғамдық сананың рухани жаңаруы үшін Жобаның маңыздылығын тағы да атап өтті. Жаңа оқулықтар жас ұрпақты тәрбиелеу деңгейін көтеруге көмектеседі, алғашқы 18 аударылған оқулық туралы бейнесюжет, сондай-ақ қазақстандықтардың Жобаны іске асыру туралы талқылағандары туралы бейнеүзінділер көрсетті.

Ақпараттық кездесуге қатысқан оқушылар олардың өміріне өзге де, неғұрлым кең жолдама беретін іске асырылатын Жобаның мүмкіндіктерін барынша пайдалану- олардың міндеті деген өз ойларымен бөлісті.

20180419 150052 20180419 154313 20180420 091635