+7 (72336) 4-27-00

Балалар көркем гимнастикасы – өте әдемі және үйлесімді спорт түрі. Жас гимнастшылар және гимнасттар басқаларға қарағанда, иілімділігімен, сымбаттылығымен, кербездігімен, ұшталған қимылдарымен көзге түседі. Біздің қаламызда Риддер қаласы әкімінің бастамасымен өткен жылы алғаш рет көркем гимнастика бойынша секция ашылған болатын.

Бүгінгі таңда онда жаттықтырушы болып Афанасьева Виктория Александровна еңбек етуде. Секцияда 4-12 жасар алығында 60 қыз бала айналысады. Риддерде 2018 жылғы 15 сәуір күні көркем гимнастика бойынша қалалық жарыстар өткізілді, сол жарыстар біздің алғашқы гимнастшыларымыздың көрнекі өнер көрсетуі болып саналды. Өскемен қаласында 20 сәуір күні көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтті. Оған Хамитова Карина (2012 ж.т.) қатысты. 20 қатысушы арасында ол 7 орынға ие болды. Жаттықтырушы мен Каринаны шын жүректен құттықтаймыз! Біздің Риддерлік гимнастшылардың жарқын жеңістері әлі алда екеніне сенімдіміз!

GDui1tk dfE