+7 (72336) 4-27-00

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Оқушылар үйінде «Театрланған көктем» қалалық сайысы өткізілді. Сайысқа 10 шығармашылық ұжым және театр өнерінің 80-нен астам жанкүйерлері қатысты.

Сайысқа қатысушылар «Монолог» және «Театрланған миниатюра» номинациялары бойынша сайысқа түсті. Сахналық қойылымдар түрлі тақырыпта болды. Көрермендер кіші және орта жастағы санаттағы оқушылардың қойған «Шалқан», «Бауырсақ», «Дос іздеген бота» ертегілерін тамашалады. Әсіресе көрермендерге Оқушылар үйінің «Ертегі» балалар шығармашылық бірлестігінің және «№17 ОМ» «Интрига» театрлық ұжымының қойылымы ерекше әсер етті.

«№10 ОМ» оқушыларының «Матренин Соколок» қойылымы туған жердің тарихынан сыр шертті.

Ұлы Жеңістің қарсаңында Байжуманов Алмаздың, Ұябаева Алинаның, Чащина Евгенияның өлеңдері тақырыпқа сай келді.

Сонымен, сайыстың қорытындысы бойынша: «Монолог» номинациясында кіші топтардан: Байжуманов Алмаз («Ертегі» БШБ тәрбиеленушісі), жоғарғы топтардан Ұябаева Алина (Шаңырақ КГ оқушысы), «Театрлық миниатюра» номинациясы бойынша (№9 НОМ) театрлық ұжымы, орта топтан (Д. Қонаев атындағы №3 ОМ) театрлық ұжымы, жоғарғы топтан: Оқушылар үйі «Самоцветы» сөз өнері шығармашылығының ұжымдары бөлісті.

«Оқушылар үйі» КМҚК

бұқаралық бөлімінің меңгерушісі: Л.Кожухова

20180429 153933IMG 20180429 WA0036IMG 20180429 WA0037