+7 (72336) 4-27-00

Риддер тарихи-өлкетану музейінде, яғни тарих залында реэкспозияция орындалды. Тас, қола кезеңдерінің және орта ғасырлардың артефактілері ұсынылды. Артефактілер Риддер өңірінің аумағында табылған. Неолит кезеңінде табылған заттар1998 жылы Алматы қ., ҚР БҒМ А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында және Ресейдің ғылым Академиясының Сібір бөлімшесінде сынақтан өткізілген.

Табиғат залындағы палеонтологиялық жинақ девон кезеңіндегі тасқа айналған жануарлар және өсімдіктермен толықтырылды.  

Сакралды жерлерді насихаттау және таныстыру үшін «Батыс-Алтай табиғи қорығының сакралды жерлері» атты көрме бүктемесі   безендірілді.

Музей қорларына қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ыңғайлы заманауи үлгіде «Музеолог» деректер базасына одан әрі енгізе отырып, музей заттарын сандық үлгіге көшіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Барлығы 750 жәдігерлер өңделіп, олардың суреттері моноболгтарға енгізілді және санаттарына қарай бөлінді.

«Туған жер-туған ел» БН тапсырмаларын шешу үшін музейде қаңтар және сәуір аралығында 2112 адамды қамтумен 159 іс-шаралар өткізілді:

-лекциялар -26, экскурсиялар- 51бірлік, көрмелер -14, музей іс-шаралары-68.

Мынадай іс-шаралар:

«Ежелгі өркениет көздерінен: сақтардың мұралары» ежелгі Қазақстан тарихы сабағы;

Сталинград шайқасына 75 жыл «Жау шебінде» тарих сабағы;

Ұлы Отан соғысының партизаны Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған «Халық батыры» атты ерлік сабағы;

«Қазақ хандығының құрылуы» ерлік сабағы;

«Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар», «Қазақстардың көшпенді тұрмысы»өлкетану сабағы;

«Туған жер-туған ел» лекция-экскурсия;

«Ұлы Жібек жолы» тарих сабағы;

«ШҚО және Риддер қ. сакралды жерлері» және тб. лекция -экскурсия.

Музей өзара әрекеттесу туралы ҮЕҰ меморандум жасасты.

Музей базасында «Талап», «Незабудка» ҮЕҰ-мен бірлескен конкурстар өткізілді:

- «Шыршамызды сақтайық және қорғайық!» акция

-«Солдат аналарының ұйымы» ҚБ-мен «Беловодье жұмбақтары» атты жас географтардың шығармашылық жобаларының байқауы

- 2018 жылғы әскер ақатарына шақырылған жастармен

Латын қарпіне көшуді түсіндіру мақсатында мамандармен келесі шаралар әзірленді және өтікізілді:

«Қазақ жазбасының тарихы» тарих сабағы;

«Жаңа әліпбидің маңыздылығы» лекция-экскурсия;

«Қазақстан латын қарпіне көшеді» ауызша журнал;

«Рухани жаңғыру және латын әліпбиіне көшу» лекция

«Болашақ тарихы бүгіннен басталады» лекция-экскурсия

Барлығы 200 адамды қамтумен латын қарпіне көшуді түсіндіру бойынша 12 іс-шаралар өткізілді.

Мамандар Астананың 20 жылдығына орай келесі іс-шараларды әзірленді және өткізді:

«Астана – әлемде алғашқы рет» көрмесі, «Ты в сердце моем Астана!» мереке, «Астана – әлемнің рухани ордасы» кинолекторииі,«Қазақстан асталарының тарихы» және тб..

Барлық іс-шаралар қалалық және облыстық газеттерде жарияланады. Есеп кезеңінде «Лениногоркая правда» газетінде 5 мақала жарық көрді: ғарышкерлік күніне «Он сказал: «Поехали!», «Мәңгілік сапта! Музей акциясы» тб., «Мой город Риддер» газетінде 2 мақала: «Алғаш жол салушы-геологтар» «Елочная фантазия». Тұрақты түрде интернет-ресурстарда жаңалық материалдар жарияланады: infor.kz қалалық порталыда және Facebook парақшасында 2 мақала. Интернет желісін кең ауықмды пайдаланатындар арасында музей жұмысын және мәдени мұраға тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыруға, оң нәтижелі қабылдау бекіту, музей қызметінің маңызды және ерекше екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Музей сайтына жаңалықтар және құлақтандырулар жарияланып тұрады. Есеп кезеңінде 44 мақалалар жарияланды. Ай сайын жергілікті телеарнада, яғни «Риддер кеше, бүгін, ертең» жаңалықтар бағдарламасында музейдің мәдени-бұқаралық іс-шаралар және ғылыми қор қызметі көрсетілетін сюжеттер шығарылады. Есеп кезеңінде келесі 5 сюжеттер шыққан: «Шыршамызды сақтайық және қорғайық!» акциясы, «Нам есть за что быть благодарными», «Память горьких лет», «Загадки Беловодья», «Свет Великой Победы!».

 

«Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК басшысы               Бакибаева