+7 (72336) 4-27-00

№1 кітапханада-бөлімшесінде «100 жаңа кітап: болашақ үшін бастама» атты әңгіме өтті.

Іс-шараның басында кітапхана қызметкері Мемлекет басшысының бағдарламасы аясында «Болашаққа қарап: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» атты Мемлекет басшысы жобасымен жұмыс жасауды ұсынды. 

Қатысушылар жақын арада гуманитарлық білімнің барлық салаларында қазақ тіліне әлемнің үздік 100 оқулықтарын аудару және қазақстандық жастардың үздік әлемдік стандарттардан үйренуге мүмкіндік беретіндігін білді. Қоғамдық сана тек модернизация принциптерін әзірлеуді ғана емес, сондай-ақ уақыттың қиындықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін нақты жобаларды дәстүрдің ұлы күш-қуатын жоғалтпауды талап етеді. Кітапханашы әлемдегі ең үздік 100 оқулықтың қазақ тілінде шығуы бірнеше жылда белгілі бір нәтиже беретінін атап өтті. 2018-2019 оқу жылында қазақстандық оқушыларды осы оқулықтар бойынша оқытуды бастау жоспарлануда. «Жаңа гуманитарлық білім. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы 100 жаңа оқулықтар оқушылар мен жас ұрпаққа жаңа технологияларды және дамыған елдердің тәжірибесін қолданумен жаңа сапалы білім беруді нақты бағыт береді.

Іс-шараның соңында кітапханашы философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика секілді гуманитарлық пәндер бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптардың тізімін ұсынды.
 

IMG 20180515 100039 IMG 20180515 100056 IMG 20180515 100605