+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 23 мамырда «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде риддер кеншілері В.Д. Приезжев және И.Н. Немыхтың ерліктерінің 89-шы мерейтойына арналған «Шахта батырларының есімдері ұмытылмас» атты акциясын өткізді. Акцияға «№5 орта мектебі» КММ 7 «А» сыныбының оқушылары қатысты. Іс-шараны өткізуге жауапты мамандар Е.В. Путинцева және О.Ю. Сомова болды.

Кенді қазуды көтеру үшін күрес, индустриализация, стахановск қозғалысы, кеңес өнеркәсіптің алғашқы жеңістері-1929-ХХ ғасырдың 30 жылдары, бірінші бес жылдықта болған. Риддер түсті метталургия кендерін қазуда Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ірі орталықтардың бірі болған. ФЗО мектебі, тау техникумы Риддер кен орындарында жұмыс істеу үшін білікті мамандарды дайындаған. Еңбектің қиын жағдайлары, кеншілердің күнделікті жұмыстары адамдардың ондаған өмірлерін қиған еді.

1929 жылғы 26 мамырда Сокол шахтасында кенеттен болған өрттің салдарынан кен орны мен динамит қоймасына қауіпі төнген. Өрт салдарының пайда болу себептерін анықтау және шахтада болған өрт ошағын жою үшін тау ондығы Василий Дмитриевич Приезжев және Иван Николаевич Немых шахтаға түскен. Кеншілер лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қаза болған.

Акция қатысушылары риддерлік кенші-батырлардың, сондай-ақ Риддер қ. кәсіпорындарында әртүрлі жылдары қаза болған барлық кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

№5 және №12 мектептің оқушылары учаскені алдын ала тазалап, «Цветники» Клубынының бұрынғы бағында Кеншілер Даңқы монументінің маңындағы аумақты қоршады.

aa1ss2dd3