+7 (72336) 4-27-00

Әркімнің өз кіші Отаны бар. Кітапхананың бүкіл жумысы өз отанына деген, онда тұратын адамдарға деген сүіспеншілікпен, өз өлкесіне деген мақтанышымен тығыз байланысты. Біз тарихымызды зерттеп, өткенімізге қызығушылық танытсақ ұрпақтар байланысы үзілмейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында шағын Отанына деген махаббатын, туған өлкесіне деген патриоттық сезімін ояту мақсатында Орталық балалар кітапханасында тарихи-өлкетану саяхаты өткізілді. Іс-шараның қонақтары «№5 орта мектебі» КММ мектеп лагерінің балалары болды.

Кітапханашымен бірге балалар сонау өткенге саяхат шекті, туған өлкенің тарихымен, қаламыздың атақты адамдарымен, ғажайып табиғатымен танысты. Іс-шарада туған өлкенің сұлулығын жырлаған жергілікті ақындарымыздың өлеңдері окылды. Саяхат соңында балалар Қаламыздың негізін қалаушы кім?, Біздің қаламызға неше жыл?, Қандай ескерткіштерді білесіздер? т.б викторина сұрақтары арқылы қаламыз туралы өз білімдерін көрсетті.

Іс-шараның соныңда барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.

asd12fgh13jkl14