+7 (72336) 4-27-00

Ақмола қаласы Астана қаласы атауына өзгеруінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Риддер тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2018 жылғы 7 маусымда№9 мектеп лагерінің келушілері қатысқан «Қазақстан астаналарының тарихы» атты кинолекторииі өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты ұлттық-мәдени бірігейлікті сақтау, туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне және әдет-ғұрыптарына ерекше қарым- қатынасты қалыптастыру болып табылады.

Музей мамандары С.В.Никифорова және О.В. Андреева ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі астананың тарихымен, астананың құрылу кезіндегі Президенттің рөлі, тәуелсіздік нышаны ретінде еліміздің басты қаласының мәртебесі туралы, бейне және слайдтар арқылы Астананың көрнекі жерлерімен тыңдаушыларды таныстырды.

Іс-шара қатысушыларының назарына «Астана қаласы қалай қаланды», «Астана тарихы», «Астана қаласы бойынша виртуалды саяхат» атты Қазақстан астанасы бойынша қызықты виртуалды саяхаты ұсынылды. Аталмыш шарада балалар астананың әсемдігін, оның сәулет бейнесіндегі негізгі тұжырымдамасын көре алды.

«Қазақстанның қалалары» ойыны қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің білімдерін, қабілеттерін көрсете отырып, жүргізушінің сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның аяғында балалар ЭКСПО-ға барған іссапарлары туралы өз әсерлерімен бөлісті және еліміздің басты қаласына арналған Н.Ә.Назарбаевтың өлеңіне және Т. Мұхамеджановтың музыкасына жазылған, С. Байғожинның орындауында «Менің қалам» атты әнін тыңдады.

csjcsj1cbacacbna2scbsbc3