+7 (72336) 4-27-00

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы - бүгінгі таңда іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларының ең үздігі деп ойлаймын.Мәдениет, өнер, әдебиетқайраткерлері,археолог – ғалымдар, лингвисттер – бәрін атап өту қиын, оның іске асырылуына белсене атсалысуда.Бұл «Қазақстанның киелі жерлері», «Жүз жаңа кітап», латын әліпбиіне кезеңмен көшу және тағы басқасы. Тәуелсіздікті алғаннан бері жас еліміздің ұлттық рухани мәдениетінің іргетасын қалау жолында асыл уақытымыздан айырылғанымыз ешкімге құпия емес.

Бұл бағыттағы мемлекетіміздің қарқынды қадамдары бізді өте қуантады.Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жаңа мереке – Домбыраның ұлттық күнін енгізу туралы Жарғысы жарық көргені бұған дәлел.

Қазақ халқының ежелгі аспабының үні әлемдегі атақты музыканттарды ғана емес, жай қарапайым адамдарды да тәнті етеді.1925 жылы Францияда өтіп жатқан политехникалық көрменің аясында өткен этнографиялық концертте бүкіл әлем өкілдері Әмре Қашаубаевтың дауысы мен ғажайып аспап – домбырасына қол шапалақтады.

Өткен жазда мен және әріптестерім ЕXРО – 2017 халықаралық көрмесіне барып, Димаш Құдайбергеновтың «Бастау» атты концертінің бақытты көрермендері болдық.Концерт көрермендері Димашпен бірге күй тартқан 50-ден аса жас домбырашыларға қошемет білдіріп ,қол шапалақтарын аямады. Сол концертке әлемнің түпкір – түпкірінен адамдар келген!Көрсеңіздер ғой, недеген ғажап сурет, недеген қуаныш!

Осы концерттен кейін домбыра үнін естуді, Қорқыт атамыздың жасаған аспабымен терең танысуды армандаған адам қаншама болды! Ал осындай концерттер жүзден асқанда не болар еді?Қатарында біздің жерлесіміз, Риддер қаласының тумасы, гитарист Максим Кичигин бар «Ұлытауды» айтсаңыздаршы!? Ежелгі қазақ күйлерін заманауи түрде орындағандары қаншама?

Біздің баларымыз бен немерелеріміз домбыра тартуды үйрене отыра, музыкалық мәдениеттің тарихы мен бүгінгісімен жақын таныса алады.

Маған мерекенін атауы да, оның терең мағынасы да өте ұнайды.Домбыра – қазақ халқының жүрегі,оның нағыз символы.