+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.06.2018 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 57305 адамды құрайды, оның ішінде 54126 адам қалада, 3179 адам - ауылдық жерде тұрады. 2018 жылдың (57541 адам) басында халық саны 236 адамға азайды.

2018 жылғы қаңтар-маусымға халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 154 адамды құрады. Аталған кезеңде 334 бала туылды (2017 ж. көрсеткішіне қарағанда 101,2% – 330 бала), 488 адам (2017 ж. көрсеткішіне қарағанда 107,7% – 453 адам) қайтыс болды.

01.07.2018 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 601 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санынан – 584 (97,2%) – шағын, 14 (2,3%) – орташа, 3 (0,5%) – ірі.

dgdfgdfgdfgfgdfd

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

Өнеркәсіп

2018 жылғы 1-жартыжылдыққа Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2017 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне 31,7% өсумен 73413,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 99,4% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:

«Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;

«Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі Риддер өңірі бойынша                 528,3 млн.теңгені құрады, ол 2017 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 9,3% (483,2 млн.теңге) жоғары, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі – 101,6%, барлық көлем мал шаруашылығы өнімінің бір үлесіне келеді.

Малдарды және құстарды сойып өткізу 2017 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 243,7 тонна немесе 100,9% іске асырылды. Жұмыртқа өндірісі 832,1 мың дананы құрап, 5,5% артты. Сүт өндірісі 1,9% артып, 2417,6 тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы мал басының келесі түрлері өсті:

- ІҚМ 6311 басқа өсіп, 94 басқа, оның ішінде сиыр 2049 басқа өсіп, 74 басқа;

- қой және ешкі 2250 басқа өсіп, 103 басқа;

- шошқа 1803 басқа өсіп, 37 басқа;

- жылқы 1535 басқа өсіп, 45 басқа;

- құстар 17385 басқа өсіп, 305 басқа өсті.

1qwrqwrqrqre

2018 жылы жалпы егіс көлемі 2017 жыл деңгейіне қарағанда 29 га немесе 0,8% өсіп 3819 га құрады. 2017 жыл деңгейіне қарағанда егіс құрылымында 1105,8 га құрап, дәндi, дәндi-бұршақты дақылдар алаңы 15,8% ұлғайды, мал азығы дақылдарының алаңы 1330,1 га құрап, 8,3% азайды. Картоп алаңы 1,3% азайды, алайда көкөніс алаңы 1,7% ұлғайды. Сондай-ақ 2018 жылы күзгі бидай үшін егіс алаңы 288,9 га құрап, 4,7 есеге, арпа 546,8 га құрап, 23,2% ұлғайғаны белгіленді.

         Кәсіпкерлік

Риддер қаласы бойынша статистикалық есепте 2017 жылдың (419 субъекті) осы кезеңіне қарағанда 5 бірлікке немесе 1,2% өсумен 424 шағын бизнес субъектісін құрады. Жұмыс істеп тұрғандардың саны 2017 жылдың осы кезеңінің деңгейіне қарағанда (269 субъекті) сақталды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2786 бірлікті құрайды, ол өткен жыл деңгейіне 1% немесе 28 субъектіге (2758 бірлік) жоғары.

Қала аумағында екі аралас базар, 4 муниципалдық сауда алаңы, 419 дүкен (оның ішінде 245 азық-түлік дүкені), 23 дәріхана, 10 ЖҚС, 5 СТО, 63 қоғамдық тамақтану объектілері, 16 тамақ өнеркәсібі кәсіпорны, халыққа қызмет көрсететін   65 кәсіпорын жұмыс істейді.

         Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2017 жыл ұқсас кезеңінің көрсеткішіне (12330,9 млн.теңге) нақты бағаларда 10,6%, салыстырмалы бағада 3,4% ұлғаюмен 13635,3 млн.теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 85,6% немесе 11672,4 млн.теңге жеке тұлғалардың көлемін құрайды.

         Инвестициялар

Негізгі капиталға салынатын инветициялардың жалпы көлемі 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (8001,5 млн.теңге) қарағанда 1755 млн. теңгеге немесе 21,9 өсіп 9756,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 114,7 есеге ұлғайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (4836,1 млн. теңге) 9,8% өсумен 5310,2 млн.теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі – 105,8%.

Тұрғын үйлерді беру (2017 жылғы қаңтар-маусымда – 13 шаршы метр) өткен жыл деңгейіне 110,3 есеге өсумен 1434 шаршы метрді құрады.

         Еңбек нарығы

01.07.2018 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында:

- 410 жұмыссыз тіркелді;

- 999 адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 81,6%;

- 271 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 12 адам жіберілді;

- оқуға және қайта оқуға 82 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 33 адам тартылды;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 191 жұмыссыз тартылды;

- 216 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес

01.07.2018 жылғы жағдай бойынша өңір бойынша аз қамтылғандар ретінде есепте 63 отбасы/212 адам тұр, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (36 отбасы/123 адам) 89 адамға және 27 отбасыға көп. Кедейшілік шегі 13386 теңгені құрайды.

2018 жылғы қаңтар-маусымға қалалық бюджет қаражатынан әлеуметтік қолдау шаралары ретінде 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (18738,0 мың теңге) қарағанда 20,6% өсумен 22591,4 мың теңге төленді.

Бюджет

2018 жылғы қаңтар-маусымға барлық деңгейдегі бюджетке 2825,7 млн. теңге түсті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 69,0% артық. Түсімдердің төмендеуі 1390,5 млн.теңге сомасында 2017 жылы бір жолғы төлеммен негізделді.

Қалалық бюджеттің меншік кірісінің болжамы 100,6% орындалды. Жоспар бойынша 1569,1 млн. теңге, іс жүзінде 1579,0 млн.теңге түсті, жоспар 9,9 млн. теңгеге асыра орындалды. 2017 жылдың осы кезеңіне қарағанда түсімдер 8,7% немесе 126,5 млн. теңгеге төмендеді.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2018 жылғы қаңтар-маусымға 100,0% орындалды, жоспар бойынша 2767,8 млн.теңге кассалық орындау 2766,8 млн.теңгені құрады, 1,0 млн.теңге игерілген жоқ.

Еңбек бойынша көрсеткіштер

Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізбесі бойынша                 2017 жылғы орташа айлық жалақы мөлшері 148876 теңгені құрады, ол 2017 жылғы  1 тоқсанға орташа айлық жалақының мөлшері 9,1% жоғары және ШҚО өңірінің арасында ең жоғары болып табылады.

2018 жылғы 1 тоқсанға жалақы қоры 7059,4 млн.теңгені құрай отырып, 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 10,1% өскенін көрсетеді. Жұмыс істейтіндер саны 15806 адамды құрап, 2017 жыл деңгейіне 1,0% ұлғайды.

Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 17 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.07.2018 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 1744 бала тұр.    

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы

2018 жылғы қаңтар-маусымға Риддер қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының дерегі бойынша 2017 жылдың осы кезеңіне қарағанда аурудың 9 түрі бойынша өсу тіркелді.

Жылдың осы кезеңіне қарағанда 5 жағдайға немесе 1,7 есеге ұлғаюмен туберкулезбен ауыратын 12 адам тіркелді. 2017 жылмен салыстырғанда 100 мың халыққа 12.1 бастап 20.8 жағдайға дейін туберкулез ауруы көрсеткішінің ұлғаюы байқалады.

Өткен жылдың ұқсас кезеңіне жағдайлар болмаған кезде 1 сәби өлімінің                  5 жағдайы тіркелді. Ана өлімі болған жоқ.

Онкологиялық науқастанғандар есебіне алынғандар саны 93 адамды құрады, ол 2017 жылдың (105 адам) осы кезеңі көрсеткішіне қарағанда 12 адамға немесе 11,4% төмен. Онкологиялық науқастанудан 50 адам қайтыс болды, ол 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 4 адамға немесе 7,4% төмен.

Қылмыскерлік

Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны                         2017 жылдың (915 оқиға) осы кезеңінің көрсеткішіне 29,6% өсумен 644 оқиғаны құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2017 жылы 376,4 салыстырғанда 261,3 құрады.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 78,4% құрады, ол 2017 жыл деңгейіне 15,1 пайыздық тармақтарға (63,3%) жоғары. Ауыр және аса ауыр қылмыстар 5,3% (2017 жылы 57 бастап 2018 жылы 54 дейін), ауырлығы орташа қылмыстар 27,7% (2017 жылы 606 бастап 2018 жылы 438 дейін), онша ауыр емес қылмыстар 42,3% (2017 жылы 142 бастап 2018 жылы 82 дейін) төмендегені байқалды.

Тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 11 жағдайды құрады, ол 2017 жыл тиісті деңгейінен 31,2% (16 жағдай) төмен, зардап шеккендер саны 16,6% төмендеумен 15 адамды (2017 жылы – 18 адам) құрады. Жол-көлік оқиғалараы нәтижесінде 6 адам қайтыс болды, ол өткен жылдың деңгейіне 3 есеге (2017 жылы – 2 адам) жоғары.

Риддер өңірі аумағында 2017 жылдың осы кезеңінің көрсеткішене (44 өрт) 4,5% немесе 2 оқиғаға өсумен 46 өрт болды.

Табиғи-техногендік сипаттағы 7 төтенше жағдай тіркелді, ол 2017 жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда (16 жағдай) 2,3 есеге төмен.

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                             А. Рамазанова