+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 14 тамызда Риддер тарихи-өлкетану музейінде РФ қонақтарына («Березовка» туристтік лагерінің балаларына) «Таныс болыңыздар, Риддер қаласы» атты лекция-экскурсиясы өткізілді. Мамандар О.В. Андреева жəне С.В. Никифорова қаланың атауы берілген алғашқы кен орнын ашушы Ф.Риддер туралы айттып өтті.

Музей экспозицияларымен таныса отырып, қонақтар өлкеге қоныстану тарихы, біздің қаламызда тұратын халықтардың тұрмыстары мен салт-дəстүрлері, қала қараушы кəсіпорындар, қаламыздың əйгілі адамдары туралы таныс болды.

Музей мамандары ШҚО жəне қаламыздың көрнекі жерлері туралы қонақтардың сұрақтарына жауап бере отырып, оларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен, яғни ШҚО қасиетті жерлерімен жəне Риддер қ. туристік жерлерімен таныстырды.

20180806 105410 2