+7 (72336) 4-27-00

“№ 1 Мектеп-лицей”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Отанымның тарихы менің жүрегімде

2018 жылдың 23 тамызында Жалпыұлттық «Рухани Қазына» идеясын («Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Жегілікті туризм» базалық жобасы) жүзеге асыру аясында «№1 Мектеп-лицей» КММ «Отанымның тарихы менің жүрегімде» саяхатшылар клубының ашық отырысы өтті.

Саяхатшылар клубының жұмысына №10 мектеп, №14 мектеп, «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы» КММ және «№1 Мектеп-лицей» КММ оқушылары қатысты. Бұл мектептердің оқушылары Қазақстанның киелі жерлеріне жасаған саяхаттары туралы әңгімеледі: бұл Абай, Шәкәрім, М. Әуэзовтың өмірі мен шығармашылықтарымен байланысты киелі жерлер, Зайсан көлі аумағында орналасқан Қиын-Қырыш рухтар қаласы, Отанымыздың астанасы Астана қаласына саяхат.

Оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Патриотизм өз жеріңе, өз ауылыңа, қалаңа, аймағыңа деген, өзіңнің кіші Отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады... Ал патриотизмнің ең биік көрінісі – ол өз туған өлкеңнің тарихын оқып білу» деген сөздерін өте жақсы түсінеді.

Оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар еліміздің рухани және мәдени дамуында ерекше орын алатын, бірегей тарихи орындарға баруға мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне, Шығыс Қазақстан облыстық және Риддер қалалық әкімшілігіне зор алғыс білдіреді.

Рыжкова Юлиана, «№1 Мектеп-лицей» КММ 6 «А» сынып оқушысы өз сөзінде «Енді мен біздің Шығыс Қазақстан – аты бүкіл әлемге әйгілі адамдардың отаны екенін, біздің осындай мәдени, тарихи орындарымыздың бар екенін білемін және мақтан етемін, менің Отанымның тарихы мәңгі менің жүрегімнен орын алады» деп мақтанышпен айтты.

«№1 Мектеп-лицей» КММ тәрбие ісінің меңгерушісі Алексеева Т.И.

20180823 10143320180823 10262320180823 102917