+7 (72336) 4-27-00

Еліміздің әр өңірінде орналасқан жеріне белгілі, құрметті, ежелгі және заманауи ескерткіштер сияқты көптеген қасиетті объектілер бар, бұндай орындар Шығыс Қазақстан облысында да бар. №4 кітапхана бөлімшесі қызметкерлерімен солармен танысу мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін кең ауқымды оқырмандар назарына «Қазақстанның қасиетті жерлері» - атты виртуалды серуен өткізілді.

Бастапқы әңгіме барысында бұл жоба халықтың жалпы ұлттық нақыштар, ұлттардың бірегейлігін көрсетуге бағытталған жоба екендігі айтылды.

Іс-шараға қатысушылар назарына Рудный Алтай газетінен Қазақстанның қасиетті жерлері кірген, бірегей нысандары туралы таңдаулы материалдары таныстырылды.

Әрі қарай қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының қасиетті жерлеріне виртуалды сапар шекті. Оқырмандар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени кешенімен танысты. Берел тарихи – археологиялық кешеніне бейне сапар жасады. Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарына арналған «Өлімненде күшті»-монументі құрлысшылардың қайғысы мен үміттерімен бөлісіп, Мұзтау тауының құпияларымен жақынырақ танысты.

Осы объектілерге виртуалды серуендеу барысындағы танысу Қазақстандағы қасиетті жерлердің тарихи-мәдени, табиғи мұраларын насихаттауға ықпал жасайтын Қазақстандағы бірлік нышаны екенін түсінуге көмектесті.

Өткеннің құндылықтарын белсендіре отырып қоғам олардың негізінде жаңа рухани басымдылықтарды дамытады.

IMG 6742 IMG 6747