+7 (72336) 4-27-00

Осы жемқорлыққа қарсы стандарттар «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде және оның қызметкерлерінің арасында мүлдем төзбеушілікті жоғарлату және жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу негізінде әзірленген.

  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: жергілікті атқарушы органы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы:                             «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың тәртібі мен іс-әрекет қағидалары:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада                  жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын,   Қазақстан Республикасы Прензиденті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік құқықтық актілерге асырады;

әкімнің және әкімдіктің кызмметін ақпараттық-талдау, құқықтық- ұйымдастыру және материалдық- техникалық қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында Қазақстан Республикасы Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және      ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау;

мүдделер қақтығысының туындау кез келген мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау.

3.2. Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі;

мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс;

мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу, туындаған жағдайда оларды заңнамаға сәйкес жою бойынша шаралар қабылдау;

мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді пайдалану; қызметтік міндеттерін атқару; жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныстар беру кезінде:

Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы нормаларын қатаңұстану;

нормативтік құқықтық актілердің өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;

белгісіз орта тұлғалары және нақты жеке тұлғаларға назарына айналуы қажет.

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде:

мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;

Заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;

басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

мемлекеттік функцияларын атқаруға үйлеспейтін қызметтерді атқаруға;

мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, оның ішінде жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;

өзінің лауазымдық өкілеттігін және оған қатысты өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін мүмкіншіліктерді пайдалану.