+7 (72336) 4-27-00

gorod

Риддер қаласы — Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысының облыстық бағынысындағы қала. 1920 жылғы тамызда Риддер болысы құрамындағы Риддер ауылы Змеиногорск уезінен Өскемен уезіне көшірілген. 1927 жылғы 26 ақпанда Риддер жұмысшылар кенті болып қайтадан аталды. БОАК 1934 жылғы 10 ақпандағы қаулысымен Өскемен ауданындағы Риддер ауылының бұрынғы атауы Риддер сақтала отырып, қала болып қайтадан құрылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Риддер қаласының қала маңы аймағының құрамынан жаңадан құрылған Жоғары-Уба ауданына Александровский және Орловский ауылдық кеңестері берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1940 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Орловский ауылдық кеңесі Жоғары-Уба ауданынан Риддер қаласының шегіне енгізілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1940 жылғы 25 маусымдағы Жарлығымен Пахотный жұмысшы кенті Жоғары-Уба ауданынан Риддер қаласына қосылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1940 жылғы 30 қарашадағы Жарлығымен «Первое Мая» колхозы Риддер қаласынан Киров ауданының Бобровский ауылдық кеңесіне қосылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1941 жылғы 6 ақпандағы Жарлығымен Риддер қаласы Лениногор қаласы болып қайта аталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1960 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен Ульбастрой поселкелік кеңесінің Бірінші ауданы кенті Лениногор қаласының шегіне енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 маусымдағы Жарлығымен Лениногор қаласы Риддер қаласы болып қайта аталды.