+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.09.2018 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 57227 адамды құрайды, оның ішінде 54017 адам қалада, 3210 адам - ауылдық жерде тұрады. 2018 жылдың (57541 адам) басында халық саны 314 адамға азайды.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 186 адамды құрады. Аталған кезеңде 490 бала туылды (2017 ж. көрсеткішіне қарағанда 92,8% – 528 бала), 676 адам (2017 ж. көрсеткішіне қарағанда 101,0% – 669 адам) қайтыс болды.

riddder

01.10.2018 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 586 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санынан – 567 (96,8%) – шағын, 16 (2,7%) – орташа, 3 (0,5%) – ірі.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

Өнеркәсіп

2018 жылғы 9 айға Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2017 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне 11,2% өсумен 102763,9 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 95,5% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:

«Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;

«Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

Ауыл шаруашылығы

Риддер өңірі бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, ол 2017 жылдың (4206,4 млн.теңге) тиісті кезеңінің деңгейіне 1,2% жоғары, оның ішінде мал шаруашылығы саласында – 1040,1 млн.теңге (2017 ж. – 982,5 млн.теңге) 2017 жыл деңгейіне қарағанда 105,9% дейін өсумен, өсімдік шаруашылығы саласында – 3217,0 млн.теңге (2017 ж. 3223,9 млн.теңге) 2017 жыл деңгейіне төмендеумен (99,8%) 4257,1 млн.теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі – 94,8%, оның ішінде мал шаруашылығы саласында – 100,7%, өсімдік шаруашылығында – 93,0%.

Малдарды және құстарды сойып өткізу 2017 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 726,5 тонна немесе 100,1% іске асырылды. Жұмыртқа өндірісі 1500,8 мың дананы құрап, 2,7% артты. Сүт өндірісі 2,0% артып, 4009,9 тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы мал басының келесі түрлері өсті:

- ІҚМ 5302 басқа өсіп, 58 басқа, оның ішінде сиыр 2030 басқа өсіп, 60 басқа;

- қой және ешкі 1969 басқа өсіп, 5 басқа;

- шошқа 1815 басқа өсіп, 3 басқа;

- құстар 16630 басқа өсіп, 205 басқа өсті.

ridder 2

2018 жылы жалпы егіс көлемі 2017 жыл деңгейіне қарағанда 29 га немесе 0,8% өсіп 3819 га құрады. 2017 жыл деңгейіне қарағанда егіс құрылымында 1105,8 га құрап, дәндi, дәндi-бұршақты дақылдар алаңы 15,8% ұлғайды, мал азығы дақылдарының алаңы 1330,1 га құрап, 8,3% азайды. Картоп алаңы 1,3% азайды, алайда көкөніс алаңы 1,7% ұлғайды. Сондай-ақ 2018 жылы күзгі бидай үшін егіс алаңы 288,9 га құрап, 4,7 есеге, арпа 546,8 га құрап, 23,2% ұлғайғаны белгіленді.

Астық жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша:

- күздік бидай 288,9 га немесе 100%, 764 тонна бастырылды, өнімділігі 26,5 ц/га, бұл 2017 жылғы деңгейден 3,8 есе жоғары (6,9 ц/га);

- жаздық бидай 20 га немесе 100%, 40 тонна бастырылды, өнімділігі 20 ц / га, бұл 2017 жылғы деңгейден 42,9% жоғары (14 ц/га);

- арпа 546,8 га немесе 100%, 1385 тонна бастырылды, өнімділігі 26 ц / га, бұл 2017 жылғы деңгейден 8,8% - ға жоғары (23,9 ц / га);

- сұлы 250 га немесе 100%, 705 тонна бастырылды, өнімділігі 28,2 ц/га, бұл 2017 жылғы деңгейден 17,5% - ға жоғары (24 ц/га);

- картоп 1110 га немесе 100%, 33855 тонна жиналды, түсім 305 ц/га, бұл 2017 жылғы деңгейден 8,9% - ға жоғары (6,9 ц/га);

- көкөніс 267,3 га немесе 100%, 9,1 тонна жиналды, өнімділігі 340 ц/га, 2017 жылдың деңгейінен 0,9% төмен (343 ц / га);

- бақша дақылдары 1,2 га немесе 100%, 27 тонна жиналды, өнімділігі 230 ц/га, бұл 2017 жылдың деңгейіне сәйкес келеді.

         Кәсіпкерлік

Риддер қаласы бойынша статистикалық есепте 2017 жылдың (414 субъекті) осы кезеңіне қарағанда 3 бірлікке немесе 0,7% төмендеумен 411 шағын бизнес субъектісі тұр. Жұмыс істеп тұрғандар саны 2017 жылғы ұқсас кезең деңгейіне (269 субъект) 0,7% - ға немесе 2 бірлікке өсумен 271 субъектіні құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2787 бірлікті құрайды, ол өткен жыл деңгейіне 2,8% немесе 75 субъектіге (2712 бірлік) жоғары.

Қала аумағында екі аралас базар, 4 муниципалдық сауда алаңы, 419 дүкен (оның ішінде 245 азық-түлік дүкені), 23 дәріхана, 10 ЖҚС, 5 СТО, 63 қоғамдық тамақтану объектілері, 16 тамақ өнеркәсібі кәсіпорны, халыққа қызмет көрсететін   65 кәсіпорын жұмыс істейді.

         Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2017 жыл ұқсас кезеңінің көрсеткішіне (20054,0 млн.теңге) нақты бағаларда 7,2%, салыстырмалы бағада 0,3% ұлғаюмен 21488,4 млн.теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 85,9% немесе 18456,3 млн.теңге жеке тұлғалардың көлемін құрайды.

 

Негізгі капиталға салынатын инветициялардың жалпы көлемі 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (13759,3 млн.теңге) қарағанда 2279 млн. теңгеге немесе 16,6 өсіп 16038,8 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 109,8% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (7755,3 млн. теңге) 11,7% өсумен 8663,9 млн.теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі – 107,5%.

Тұрғын үйлерді беру (2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 7986 ш.м.) өткен жыл деңгейіне 20,1% төмендеумен 6379 шаршы метрді құрады.

         Еңбек нарығы

01.10.2018 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында:

- 427 жұмыссыз тіркелді;

- 1616 адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 88,6%;

- 410 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 38 адам жіберілді;

- оқуға және қайта оқуға 94 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 56 адам тартылды;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 295 жұмыссыз тартылды;

- 236 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес

01.10.2018 жылғы жағдай бойынша өңір бойынша аз қамтылғандар ретінде есепте 71 отбасы/239 адам тұр, бұл 2017 жылдың 9 айына (36 отбасы/123 адам) 119 адамға және 39 отбасыға көп. Кедейшілік шегі 14142 теңгені құрайды.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке қалалық бюджет қаражатынан әлеуметтік қолдау шаралары ретінде 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (25305,5 мың теңге) қарағанда 40,8% өсумен 35628,6 мың теңге төленді.

Бюджет

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке барлық деңгейдегі бюджетке 4286,2 млн. теңге түсті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 78,4% құрайды. Түсімдердің төмендеуі 1390,5 млн.теңге сомасында 2017 жылы бір жолғы төлеммен негізделді.

Қалалық бюджеттің меншікті кірісінің болжамы 101,1% орындалды. Жоспар бойынша 2360,6 млн. теңге, нақты 2385,8 млн.теңге түсті, жоспар 25,0 млн. теңгеге асыра орындалды. 2017 жылдың осы кезеңіне қарағанда түсімдер 7,4% немесе 165,4 млн. теңгеге өсті.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке 99,9% орындалды, жоспар бойынша 4248,86 млн.теңге кассалық орындау 4245,64 млн.теңгені құрады, 3,22 млн.теңге игерілген жоқ.

Еңбек бойынша көрсеткіштер

Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізбесі бойынша                 2018 жылғы 6 айға орташа айлық жалақы мөлшері 156587 теңгені құрады, ол 2017 жылғы 1-жартыжылдыққа орташа айлық жалақының мөлшері 11,4% жоғары және ШҚО өңірінің арасында мөлемі бойынша бірінші болып табылады.

2018 жылғы 1-жартыжылдыққа жалақы қоры 14804,5 млн.теңгені құрай отырып, 2017 жыл деңгейіне қарағанда 11,4% өскенін көрсетеді. Жұмыс істейтіндер саны 15758 адамды құрап, 2017 жыл деңгейіне 1,0% төмендеді.

Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 17 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.10.2018 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 1283 бала тұр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке Риддер қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының дерегі бойынша 2017 жылдың осы кезеңіне қарағанда аурудың 9 түрі бойынша өсу тіркелді.

2017 жылдың есепті кезеңіне сәйкес 13 туберкулез ауруы тіркелген (2017 жылы 13 жағдай). Науқастану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 22.5 құрайды және 2017 жылғы көрсеткішке сәйкес келеді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1 жағдайда сәби өлімінің 7 жағдайы тіркелді. Ана өлімі болған жоқ.

Онкологиялық науқастанғандар есебіне алынғандар саны 153 адамды құрады, ол 2017 жылдың (158 адам) осы кезеңі көрсеткішіне қарағанда 5 адамға немесе 3,2% төмен. Онкологиялық науқастанудан 75 адам қайтыс болды, ол 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 14 адамға немесе 15,7% (89 адам) төмен.

Қылмыскерлік

Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны                        2017 жылдың (1365 оқиға) көрсеткішіне 23,4% төиендеумен 1046 оқиғаны құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2017 жылы 345,5 салыстырғанда 281,4 құрады.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 75% құрады, ол              2017 жыл деңгейіне 8 пайыздық тармақтарға (68%) жоғары. Ауыр қылмыстар 4,3%                (2017 жылы 70 бастап 2018 жылы 67 дейін), ауырлығы орташа қылмыстар 10,7% (2017 жылы 606 бастап 2018 жылы 438 дейін), онша ауыр емес қылмыстар 42,3% (2017 жылы 142 бастап 2018 жылы 82 дейін) төмендегені байқалды.

Тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 11 жағдайды құрады, ол 2017 жыл тиісті деңгейінен 31,2% (16 жағдай) төмен, зардап шеккендер саны 16,6% төмендеумен 15 адамды (2017 жылы – 18 адам) құрады. Жол-көлік оқиғалараы нәтижесінде 6 адам қайтыс болды, ол өткен жылдың деңгейіне 3 есеге (2017 жылы – 2 адам) жоғары.

Риддер өңірі аумағында 2017 жылдың осы кезеңінің көрсеткішіне (44 өрт) 4,5% немесе 2 оқиғаға өсумен 46 өрт болды.

Табиғи-техногендік сипаттағы 7 төтенше жағдай тіркелді, ол 2017 жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда (16 жағдай) 2,3 есеге төмен.

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                           А. Рамазанова