+7 (72336) 4-27-00

Барлық жылыту маусымының ағымында тіршілікпен қатамасыз ету объектілерінің тұрақты жұмысы үшін Риддер қаласы әкімінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 48-ө өкімімен 2018-2019 жылдардағы қысқы кезеңге қаланы дайындау мәселелері бойынша қалалық штаб құрылған. Тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінің жұмысы үнемі бақылауда тұр.

«Риддер ТЭЦ» АҚ:

Қазіргі уақытта станциялардың негізгі және қосалқы жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды: № 1, 4, 5 құбыр/а және № 5 қазандық/а күрделі жөндеу жұмыстары;

№ 2 құбыр/а және № 1, 2, 3, 6 қазандық/а ағымдық жөндеужұмыстары аяқталды;

24,843 млн. теңгеге ұзындығы 809,58 м. жылу желілерін күрделі жөндеу және 17,381 млн. теңгеге 1461 м. жылу желілеріне ағымдық жөндеу жұмыстары орындалды.

330,0685 млн.тг. сомасына объектілерді инженерлік-техникалық нығайту бойынша іс-шаралары орындалды.

Станция КҚК жоспарлы жүктемесін атқаруға толық дайын. 14 қыркүйектен бастап қаланың мектепке дейінгі мекемелеріне, 18 қыркүйектен бастап әлеуметтік объектілерге (мектептерге және мед. мекемелерге) қосылды. 1 қазаннан бастап дайындық паспортын алған, қаланың тұрғын үйлеріне және басқа да мекемелеріне жылу қосылды.

Станцияға көмірді жеткізу кесте бойынша жүргізіледі. 25.10.2018 жылғы көмірдің қалдығы 36024 тоннаны құрайды (42 күнге), КҚК көмірдің нормативтік қоры 19460 т. құрайды, бүгінгі күнге мазуттың қалдығы 383 т (96 күнге).

Әлеуметтік мазутты жеткізуге шарт жасалған.

26 қыркүйекте 2018-2019 ж.ж. КҚК «Риддер ТЭЦ» АҚ дайындық паспорты алынған. Жалпы берешек 115 667,8 мың т.г.

Үш айдан аса: 82 999,6 мың тг.

 

Үйлердің дайындығы:

КСПК үй – барлығы (138 үйге) берілді.

КСПК-сыз үй – 304 үйден 304 үйге берілді, яғни 100%;

 

«Л-ТВК» ЖШС

«Л-ТВК» ЖШС жөндеу жұмыстары жоспарланған:

  1. Тишинский кенорнының қазандығы: жоспар – 21,08 мың тг , дерек 16,3 млн. тенге

№ 2 КЕ 10/14 қазандық – дайындығы 100%;

№ 3ДКВр 10/13-115С қазандық – дайындығы 100%;

№4 ДКВр 20/13 қазандық – дайындығы 100%;

№5 ДКВр 20/13 қазандық – дайындығы 20%, меншік иесінің («Казцинк» ЖШС РТБК) қаражаттары есебінен күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мерзімі 20.10.2018 жыл.

№6 КЕ 25/14 қазандық – дайындығы 100%;

Сорғы жабдығы– дайындығы 100%;

Қосалқы жабдықтар – дайындығы 100%.

Көмір қоры:

Жылыту маусымына жоспар 2963 тонна. 20.09.2018 жылға көмір қоймасындағы көмірдің қалдығы 2932 тонна, соның ішінде 370 тонна Шубаркуль және 2562 тонна Каражыра. 2018 жылға шарт жасалған, жеткізушілермен көмірді түсіру кесте бойынша жүргізіледі.

  1. Жылумен жабдықтау ағымдық жөндеу жұмыстары.

Жоспар 2,195 млн. теңге, дерек 2,29 млн. теңге.

4-аудан:

Жалпы ұзындығы 110 м. Дрейман көшесі бойынша 8-10, 10-12, 12-14 үйлердің арасындағы жылу трассаларының учаскелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

2-аудан:

Ұзындығы 100м ø50 (2 құбырды)жылу трассаларының учаскелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жылу беретін сорғы станцияларының сорғы агрегаттарына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген, тығын арматурасын тексеру жүргізілді.

Магистральдық жылу желілеріне гидравликалық сынағы жүргізілген, желілер сынақтан өтті.

  1. Сумен жабдықтаужоспар1,55 млн.тг, дерек1,12 млн. тенге.

Жинақталған ұзындығы 25м. ø100 құбыр учаскелеріне ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Тығын арматурасын тексеру жүргізілді – ø100 6 ысырма және ø150 1 ысырма, су құбырларының құдықтары тексеріліп және тазаланды.

  1. Кәрізжоспар1,688 млн. тг., дерек0,58 млн. теңге.

Фекальды сорғыдағы сорғы агрегаттарына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген, тығын арматурасы тексерілді.

Инветициялық бағдарламаларды орындау:

1.Тишинский кенорнының қазандығы: негізгі құралдарды сатып алу 3,48 млн. тг.

  1. Жылу желілері.

Жоспар:ұзындығы 0,55 ш. 11890 мың теңге сомасына Ø 219 ×8 екі құбырлы жылу желісін жер астымен төсеумен Тишинка кенорнының қазандығынан4 ауданның жылу пунктіне дейін ауыстыру.

Дерек: 50% атқарылды, 0,55ш. ауыстырылды, жұмыстар жүргізілуде.

  1. Сумен жабдықтау:

Жоспар: 4-ауданның 0,56 ш. жер асты су құбырын және тығын арматурасын ауыстыру, 4580 мың теңге.

Дерек: 100% атқарылды

  1. Су бұру:

Жоспар:ұзындығы 0,265 ш. өздігінен ағатын фекальды коллекторын ауыстыру, 3480 мың теңге.

Дерек: Қазіргі уақытта жұмыстар жалғастырылуда.

Білім беру мекемелері:

Жүйе әзірленген, мекемелер жылу жүйесіне қосылған.

Мед. мекемелер.

ЛДПИ жылу жүйесі әзірленген, акт берілген.

Басқа да:

ӘМҚЖ, ӨБ, ТҚКС акті берілмеген.

 

ЖК Рябинина.

2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына дайындық кезінде жылу желілеріне жоспарланған ұзындығы 400 м.п. 3864,58 мың теңгеге күрделі жөндеу және ұзындығы 350 м.п. 2005,72 мың теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстары орындалған.

Островский көшесі бойынша (ТП-92-ден 1-ауданның ТП-на дейін), 94 квартал (бүлінген участкелер) изоляцияланған.

Жылу желілері 2018-2019 жылдардағы жылу кезеңіндегі тұтынушыларға жылу таратқышты қабылдауға және бөлуге дайын.

«Водоканал» ШЖҚ КМК

18.09.2018 ж. объектілердің дайындығы – 100%

Күрделі жөндеу жұмыстары:

Жоспар– 5577,3 мың теңге                                           дерек - 2278,2 мың теңге

Кәсіпорнында 2015-2020 жж. Инвестициялық бағдарлама әзірленген.

2018 жылы:   Жоспар22889,58 мың тг. - Игеру– 12619,63 мың тг.

Су құбыры желілерін жөндеу жұмыстары жоспарланған – жоспар3773,38мыңтенге (с 09.2018 ж. бастап 31.08.2019 ж. аралығында) - 340 мп.

- Уәлиханов көшесі бойынша Д 150 мм. – 160 мп. су құбыры ауыстырылған– 1336,06 мың тг.

- Тәуелсіздік даңғылы бойынша Д 100 мм – 50 мп. су құбыры ауыстырылған– 541,7 мың тг.

- су құбыры желілерін ауыстыру – 252 мп (күрделі жөндеу).

Островский көшесі - (бүлінгенучасткелер) қ. жартылайизоляцияланған. Жұмыстар атқарылды.

«Компания ЛК ГЭС» ЖШС

Барлық ГЭС негізгі жабдықтарын жөндеу кестесі 100 % орындалды.

Мало-Үлбі су қоймасынатасты-үйілген плотинасын салудың бірінші сатысы аяқталған,су шығару жұмысының кертартпасын жөндеу жұмыстары атқарылды. Громотуха өзеніндегі ХГЭС-тен Бас тоған ғимаратына дейін Л-3 технологиялық желілерінің тіректерін ауыстыру 100 % жүргізілді. Мамандарды тартумен, комиссия Риддер қаласына су берілуін толық тоқтату уақытында Громотуха өзеніндегі су құбыры ғимаратынан ХГЭС қысымды бассейніне, ТГЭС қысымды бассейніне дейін темір бетонды науаларды қосқанда барлық су астындағы ХГЭС және ТГЭС су ғимараттарының бөліктеріне тексеру жүргізді. Ғимарат қанағаттанарлық жағдайда тұр. Мало-Үлбі су қоймасын толтыру көлемі қазіргі сәтте 53,284 млн.м3. құрайды, бұл 2018-2019 жылдардағы КҚК Риддер қаласының тұтынушыларын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігінің атомдық бақылау және қадағалау комитетінен 2018-2019 жылдарда КҚК жұмысына дайындық Паспортын алу үшін құжаттар әзірленуде.

Риддерский АЭС

АЖЖ бойынша барлық жоспарланған пайдалану жұмыстары мерзімінде орындалған.

36,69 ш. 5 дана ТП, КТП техникалық қызмет көрсету жүргізілген.

 

«Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Мәдениет сарайы» КМҚК (құрамында соқыр және көзі нашар көретін азаматтарға арналған клуб), «Ұлттар достығы үйі» КМҚК, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ (құрамында 6 кітапхана - филиалы), «БЖСМ» КММ (құрамында спорт модульі, ДСК, «Сокол» стадионы) кіреді. Барлығы 12 мекеме.

25.09.2018 жылға 12 объектіден 10 объекті жылыту маусымына толық дайын, 83,3 % құрайды.

Мәдениет сарайында 2018 жылғы жазғы кезеңде жылыту жүйесіне ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген.Бүгінгі күнде біраз аяқталмаған жұмыстар жөнделуде. 5 қазанға дейін жүйені престеу жүргізілетін болады.

4-аудан клубының үй-жайларында жылыту жүйесінде ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Соңғы сессияда 2446,0 мың теңге бюджеттік қаражат бөлінген болатын. Қазанның басында іс-шаралар іске асырылады.

«Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ

«Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ білім беру мекемелерінің желісіне 29 мекеме кіреді, олардан 27 объектіде орталықтандырылған жылу жүйесі бар, 3-мектепте қатты отынға жеке жылыту қазандығы орнатылған.

2017-2018 жылдардағы жылыту маусымы аяқталуы бойынша білім беру объектілерінде қазандық жабдықтарына, жылыту жүйлеріне, жылыту қондырғыларына, кәріздерге, су жабдығына тексеру жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша білім беру мекемелерінде 2018-2019 жылдардағы жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленген.

Білім беру объектілерін ағымдық жөндеу жұмыстарына қалалық бюджет қаражаттары есебінен 103 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, соның ішінде:

- жылыту, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін ағымдық жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 15 млн. 843 мың теңге қаражат бөлінген (№ 12 орталау мектебі, № 16 орталау мектебі, № 24 бала бақша). Орындалған жұмыстардың көлемі 100 % құрайды.

- жалпы сомасы 32 млн. 945 мың теңге 5 білім беру мекемелерінде терезелердің ойық жерлерін ауыстыруға (№ 17, 10, 9 мектеп, «Алем», № 21 бала бақша), жұмыстар толық көлемде 100 %атқарылды.

- сыртқы жарықтарды монтаждау – 506,0 мың теңге (№ 24, 25 бала бақша), жұмыстар 100 %атқарылды.

Қаланың 3-мектебі үшін (№ 9 ОМ, Бутаково ауылы, Поперечное ауылы)4 млн. 321 мың теңгеге 327 тонна қатты отын барлық жылыту маусымына толық көлемде сатып алынды (1 тоннасына орташа құны 13,214 мың теңге ҚҚС-сыз). Көмірді жеткізуші «ВЭУС» ЖШС. Қала мектептеріне толық көлемде қатты отынды жеткізу 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін аяқталды.

Жылу қондырғыларын пайдалану қағидаларын АХЧ бойынша техникалық персоналдар мен орынбасарларды оқыту өткізілді.

Жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар 2018 жылғы 25 тамызда аяқталған. Жаңа оқу жылының басталуына білім беру мекемелерін қабылдау бойынша комиссия жұмыстар 2018 жылғы 24, 25 және 29 тамызға жоспарланған. Мектептердің дайындығының жалпы пайызы 100 % құрайды.

Барлық білім беру мекемелері жылу жеткізушілерден дайындық паспортын алған. Білім беру объектілері жылуға 18.09.2018 жылы қосылған. Қосу қалыпты тәртіпте өтті.

«Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК

Жоспарланған іс-шаралар 100 % орындалды. Барлық ғимараттар жылыту жүйесіне қосылған.

Кондоминиум объектілерінің дайындығы

Риддер қаласында 537 көп пәтерлі тұрғын үй бар. 290 кондоминиум объектісі тіркелген. Үй-жайлардың, пәтерлердің меншік иелерінің 14 кооператив, оған 138 үй кіреді. 399 басқарма нысаны – жеке басқарушысы бар, яғни тұрғындар өздері басқарады. Олардың тәжірибелері үйді тұрғындардың өздері басқаруы қажет екенін көрсетті. Қазіргі уақытта Инвестициялар және даму министрлігімен бір үй – бір бірлестік – бір есепшот – ЖМҚ – «жылжымайтын мүлік меншік иелерінің қоғамы» приципі бойынша жаңа басқару нысаны мәселесі өңделуде.

Пәтерлерден сұрау тәсілімен кіреберіс бойынша басқарушы сайланады. Басқарушылар ЖМҚ төрағасын таңдайды. Штат талап етілмейді, лауазымы қоғамдық, сыйақы беру, көтермелеу мүмкін. Мақсатты жарналар барлық үйде тұжырымдалады және «кіреберіс Парламентінің» шешім бойынша ғана шығарылады. Үй – ЖМҚ сол немесе басқа жұмысты орындауға Сервистік компанияға тапсырыс береді. Сервистік компаниялар біздің қалада 15. Тиімдірек басқару үшін Ереже әзірленген.Алда тұрған жылыту маусымына дайындық мамыр айында басталған. Әкімдікте, тұрғылықты жері бойынша тұрғындармен 10 семинар, жиналыстар өткізілді. Ақпараттық материалдарының, буклеттерінің 10 артық түлері әзірленіп және таратылды. Күн сайын жеке және телефон бойынша кеңес беру жүргізіледі.