+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы мамырдан бастап Риддер қаласының аумағында жалпы сомасы 373 194 мың теңгеге төмендегі жол-жөндеу жұмыстары іс-шаралары басталған, соның ішінде:

- асфальтбетон жабындысымен ағымдық жол жөндеу жұмыстарын орындауға – 163 805 мың теңге сомасындағы қаражат қарастырылған болатын (43,6 мың ш.м.) 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13 065 мың теңгеге артық. Заттай көріністегі айырмашылығы 2018 жылы құнының өсу есебінен көлемі азаюы жағынан 300 ш.м. құрайды (2017 жылы 1 ш.м. 3362 теңгені құраған, ал 2018 жылы 1 ш.м. 3760 теңгеге тең).

Асфальтбетон жабындысымен ағымдық жол жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалған. Мердігерлік ұйым «Фирма «ЭТАЛОН» ЖШС.

- қиыршық тастар жабындысымен ағымдық жол жөндеу жұмыстарын орындауға – 60 617 мың теңгесомасындағы қаражат қарастырылған болатын немесе 124,2 мың ш.м., 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18 919 мың теңгеге артық (немесе 31,2 %), заттай көріністегі айырмашылығы 60,4 мың ш.м. (немесе 48,6 %) өсу жағына бөлінген қаражат оң әсерін тигізді және былтырғы және биылғы жылғы құнының айырмашылығы азаю жағына (2017 жылы 1 ш.м. құны 654 теңгені құрайды, ал 2018 жылы 1 ш.м. құны 488 теңгеге тең).

Қиыршық тастар жабындысымен жол ағымдық жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалған. Мердігерлік ұйым «АрсеналИнвест» ЖШС.

- тротурарларды ағымдық жөндеу бойынша жұмыстарын орындауға – 45227 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған немесе 13,2 мың ш.м.,         2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда бірдей (2017 жылы 1 ш.м. құны                   3432 теңгені құраған, ал 2018 жылы 1 ш.м. құны 3432 теңгеге тең).

Тротурарларды ағымдық жөндеу бойынша жұмыстары бөлінген ақшаның шегінде толық көлемде орындалды. Мердігерлік ұйым «Фирма «ЭТАЛОН» ЖШС.

- ішкі тоқсандық жолдарды ағымдық жөндеу бойынша жұмыстарын орындауға – 90271 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған немесе 25790 ш.м., 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 30000 мың теңгеге артық (немесе 33,2 %), ал заттай көріністегі айырмашылығы 5,9 мың ш.м. құрайды (немесе 22,9 %) қаржыландырудың өсу есебінен өсу жағына (2017 жылы 1 ш.м. құны 3032 теңге құраған, ал 2018 жылы 1 ш.м. 350 теңгеге тең). Мердігерлік ұйым «Фирма «ЭТАЛОН» ЖШС. Сондай-ақ 3 мектептің ауласы асфальтталған, атап айтқанда № 3, № 5 және № 12 мектеп, сонымен қатар № 21 бала бақшаның кіре берісі (Тәуелсіздік даңғылы, 12 А).

- асфальтбетон жабындысымен жолдардың шұңқырларын жөндеуге – 2728 мың теңге қаражат қарастырылған немесе 875 ш.м., 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда бірдей (2017 жылы 1 ш.м. құны 4360 теңгені құрайды, ал 2018 жылы 1 ш.м. 4360 теңгеге тең). Жұмыстар толық көлемде орындалды. Мердігерлік ұйым «Фирма «ЭТАЛОН» ЖШС.

- қиыршық тасты жолдарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстарын орындауға – 6375 мың теңге сомасындағы қаражат қарастырылған, 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырған бірдей.Жұмыстар толық көлемде орындалды. Мердігерлік ұйым «АрсеналИнвест» ЖШС.

- жолдарды жазда күтіп-ұстау (су себу, жуу, сыпыру)бойынша жұмыстарын орындауға – 4171 мың теңге сомасындағы қаражат қарастырылған, 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырған бірдей.

Жұмыстар толық көлемде орындалды. Мердігерлік ұйым «Фирма «ЭТАЛОН» ЖШС.

2017 жылы шарт бойынша жалпы сомасы 651 млн. теңгеге «Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы көшелерін қайта жаңғырту» жобасын іске асыру жұмыстары басталған. Жобаның басталуына 2017 жылы 402,8 млн. теңге мөлшеріндегі қаражат бөлініп және игерілген. 2018 жылдың басынан бастап мердігерлік ұйым өз қаражаттары есебінен осы жоба бойынша жұмыстарды жалғастырған. Бүгінгі күнде жоба бойынша жұмыстар мердігерлік ұйымның қаражаттары есебінен аяқталды. 2018 жылы осы жоба бойынша қаржыландыру іске асырылмаған.

05.07.2018 жылғы № 56 шарт бойынша 183 млн. теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен және 65,1 млн. теңге облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру қажет.

2018 жылы облыстық бюджеттен қаражаттары есебінен Курек көшесін орташа жөндеуге 29,2 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінген болатын. Жұмыстар «Фирма «ЭТАЛОН» ЖШС. Мердігерлік ұйымымен орындалған.

-жол белгілерін түсіру бойынша жұмыстарын орындауға 2 600 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, 2017 жылмен салыстырғанда 400 мың теңгеге артық. Гоголь, Гагарин, Рощин көшелері, Тәуелсіздік даңғылы, Островский көшесі және 1-ауданнан 4-ауданның БӨП дейінгі жол учаскелеріне жол белгілерін түсіру бойынша жұмыстары орындалған болатын. Мердігерлік ұйым «НикшомаС» ЖШС.

- жол белгілерін әзірлеу және орнату бойынша жұмыстарын орындауға – 4417 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, 2017 жылмен салыстырғанда 289 мың теңгеге артық. 455 жол белгілері орнатылған. Мердігер Риддер қаласындағы «СтройосноваПлюс» ЖШС филиалы болып табылады.

- жол белгілерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстарын орындауға – 1 294,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, былтырғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 85 мың теңгеге артық. Бөлінген ақшаның шегінде 50 жол белгілерін ауыстыру, сырлау, түзеу, бүлінген жерлерін және тозған тіректерді ауыстыру бойынша жұмыстары орындалған. Мердігерлік ұйым «Семдортехника» ЖШС.

- Тәуелсіздік даңғылы, Чапаев көшесі, Тохтаров көшесі және Әуезов көшелерінде көгал алаңын орналастыру бойынша жұмыстар орындалған,                   2018 жылы 10638 мың теңге мөлшеріндегі қаражат бөлініп және игерілген болатын.Мердігерлік ұйым«Төлеби» ОО» КОС» КФ.

2018 жылғы жазғы кезеңде 4750 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген, «АйТиЭл групп» ЖШС мердігерлік ұйымымен Тәуелсіздік даңғылы, Рощин көшесі, Островский көшесі бойынша орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстары жүргізілген болатын.

- 4 аудандағы сахнаны жөндеу бойынша жұмыстарын орындауға 4000 мың теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлінген болатын. Жұмыстарды орындаған мердігерлік ұйым Риддер қаласындағы «СтройосноваПлюс» ЖШС филиалы.

- клумб ұйымдастыру бойынша жұмыстарын орындауға 12470 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген болатын. Республика алаңында, Ауған саябағында, Мәдениет үйінің алдында, Ардагерлер саябағында және                       4-аудандағы гулзарда гүлдер отырғызылған болатын. Бір жылдық гүлдердің жалпы көлемі 100 000 құрайды (4000 ш.м. артығырақ).

- шөптерді шабу бойынша жұмыстарын орындауға 2000 мың теңге мөлшеріндегі қаражат бөлінген. Тәуелсіздік даңғылы, Гагарин даңғылы, Островский көшесі, Гоголь көшесі, Чапаев көшесі, Тохтаров көшесі, Семенова көшесі, Әуезов көшесі бойынша шөптер 2-рет шабылды.

- 5 балалар ойын алаңын орнатуға 32500 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілгеннен кейін үнемдеу есебінен қосымша 4 ойын алаңы орнатылған болатын. Мердігерлік ұйым Риддер қаласындағы «СтройосноваПлюс» ЖШС филиалы.

- металл конструкцияларын жөндеуге 5000 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Автобус аялдамаларын жөндеу, көпірлерді жөндеу, қала аумағындағы металл конструкцияларын жөндеу, металл конструкцияларын, аялдамаларды сырлау бойынша жұмыстары орындалған болатын.                             3 тоқтайтын пункт әзірленген. Мердігерлік ұйым Риддер қаласындағы «СтройосноваПлюс» ЖШС филиалы.

- Воркаут спорт алаңдарында жарық ұйымдастыруға 2018 жылы               13000 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген болатын. Жұмыстар «Энергия» ЖШС мердігерлік ұйымымен толық көлемде орындалған. Мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілгеннен кейін үнемдеу есебінен жаяу жүретін жерлерге жарық орнату жұмыстары жүргізілген.

- Безголосов көшесі, Киров көшесі бойынша жарық диодты шамдарға ауыстыруға 3565 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген болатын. Жұмыстар «Энергия» ЖШС мердігерлік ұйымымен толық көлемде орындалған.

- 4-ауданда футбол коробкасын жөндеуге 4000 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген.Риддер қаласындағы «СтройосноваПлюс» ЖШС филиалының мердігерлік ұйымымен қоршау орнату, көше жарықтарын орнату, мінбе әзірлеу бойынша жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар толық көлемде атқарылды.

- апатты ағаштарды кесуге 9840 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген болатын. Бөлінген қаражаттардың шегінде «Евразия» ЖШС мердігерлік ұйымымен 968 ағашты кесу бойынша жұмыстары жүргізілуде.

- ағымдағы жылғы көктемгі және күзгі кезеңдерде қала аумағында Риддер қаласын санитариялық тазалау және абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізілді. 500 шырша және самырсын көшеттері отырғызылған. 2018 жылғы өткен кезеңде «Фирма «ЭТАЛОН» ЖШС мердігерлік ұйымымен қала аумағынан 26450 м3 қоқыс шығарылған, қоқыс шығару бойынша орындалмаған қалдығы 3000 м3 құрайды. Қоқыстарды шығаруға 18519 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген.

Сонымен қатар, 2018 жылы «Қар қалашығына жарық ұйымдастыру», «Шырша ұйымдастыру», «Қар қалашығын ұйымдастыру» бойынша қаражат бөлінгендігін хабарлаймын. Конкурстық процедуралар өткізілген және аталған жұмыстарды орындау үшін мердігерлік ұйым анықталған.