+7 (72336) 4-27-00

«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ, әкімі аппаратының басшысы - Сагидолдин Асхат Бейсенович

 

IMG 20190115 WA0012

Өмірбаяны:

 

Сағидолдин Асхат Бейсенұлы 1979 жылдың 17 қазанында Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында.

 

Білім:

2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2010 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының заң институтын бітірген.

Еңбек қызметі:

 

01.09.2000 жылдан 15.09.2001 жылға дейін-Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Екатериновка ауылы Э. Тельман атындағы орта мектебі тарих пәнінің Мұғалімі.

30.11.2001 - 30.10.2002-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.

01.09.2003 жылдан - 01.09.2004 жылға дейін- Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Екатериновка ауылы Э. Тельман атындағы орта мектептің тарих және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.

16.09.2004 жылдан - 24.11.2011 жылға дейін-Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарындағы қызмет.

25.11.2011 жылдан-24.02.2014 жылға дейін-Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы.

24.02.2014 жылдан-15.10.2015 жылға дейін-Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

16.10.2015 жылдан-27.02.2017 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.

12.09.2017 жылдан-07.12.2017 жылға дейін-Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссияның қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас инспекторы (терроризмге қарсы комиссияның қызметін қамтамасыз ету).

07.12.2017 жылдан-18.07.2018 жылға дейін-Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

18.07.2018 бастап қазіргі уақытқа дейін - Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысы.

 

 

Функционалдық міндеттері:

 

  1. Қала әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру. Қала әкімдігінің отырыстарына мәселелерді дайындау бойынша қалалық атқарушы органдардың қызметін жоспарлау, үйлестіру, қала әкімдігінің жұмыс жоспарының және оның қаулыларының орындалуын бақылау;
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс әкімінің және қала әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау бойынша дербес бөлімдердің қызметін үйлестіру;
  2. Қала әкімінің облыс әкімі аппаратымен байланысын қамтамасыз ету және оның тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру. Облыс әкімдігінің, қалалық әкімдіктің отырыстарына мәселелерді дайындауды қамтамасыз ету;
  1. Қала әкімінің қалалық мәслихатпен, республикалық басқару органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  1. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі бас маманның және қала әкімі аппараты бөлімдерінің қызметін үйлестіру: мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, ұйымдастыру жұмыстары, персоналды басқару жөніндегі бөлім, Қаржы-шаруашылық, кеңсе, құпия іс жүргізу бөлімшесі және ақпараттық технологиялар қызметі. МҚҚБ жұмысына жауапкершілік жүктеледі(мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімше).
  1. Қала әкімінің нормативтік актілерін әділет органдарында тіркеуге бақылауды жүзеге асыру;
  1. Қала әкімі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз ету, қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
  1. Қаланың мемлекеттік органдарында "Электрондық әкімдік", ИСО-9000 бағдарламасын іске асыру;
  1. Қала тұрғындарына орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  1. Бірыңғай ақпараттық кеңістікті және қаланың мемлекеттік органдарын ақпараттандыру процестерін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  1. Әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері бойынша қала тұрғындарының ұсыныстарын зерделеуді ұйымдастыру;
  1. Қала әкімі тағайындайтын кадрлар бойынша ұсыныстар, дербес бөлімдердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар дайындау;
  1. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерін тағайындау және босату;

14 қала әкімі аппаратындағы конкурстық, аттестаттау, тәртіптік, "Б" корпусы мемлекеттік қызметшілерінің және басқа да комиссиялардың қызметін бағалау жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

  1. Сайлау жұмыстарын үйлестіру және өткізу;
  1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментімен, Орталық сайлау комиссиясымен, аумақтық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
  1. Әкім аппараты қызметкерлерінің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру.
  1. Ұйымдастыру және кадр жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша қалалық семинарлар мен кеңестерді дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру және мониторингілеу, сондай-ақ "Е-әкімдік"АЖ және басқа да жүйелерді толтыру үшін дербес жауапты болады.
  1. Бейнеконференция байланыс сеанстарын дайындау және өткізу жұмыстарын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру.
  1. Өз бағыттары бойынша облыс, қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау.
  1. Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС стандарттарының талаптарын білу

ИСО 9001-2008, ҚР СТ ИСО 9001-2009, Сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттары және сапа саласындағы саясатты қолдану. Басқа бөлімшелермен бірлесіп қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе Күшін жойған ішкі құжаттарды жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау:

 

Сәрсенбі сағат 14:30 - дан бастап.

Біздің мекен-жайымыз: ШҚО, Риддер қаласы, Семенова көшесі 19

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон: 8 (72336) 42280