+7 (72336) 4-27-00

Қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы - Яна Степановна Абрамовская

abramovskai

Өмірбаян:

Яна Степановна Абрамовская 1982 жылы 01 шілдеде ШҚО Лениногорск қаласында дүниеге келді. 2002 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Шығыс Гуманитарлық колледжін аяқтады. 2005 жылы «әлеуметтік жумыс маманы» мамандығы бойынша Шығыс Гуманитарлық институтын бітірді. 2003 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде «Незабудка» әйелдерді қолдау Орталығында психолог, әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыс атқарды. 2004 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың маусым айына дейін «Үлбі кенттік округінің әкімі» ММ бас маманы болып мемлекеттік қызметте жұмыс атқарды. 2013 жылдың шілдесінен бастап «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарады.

Функционалдық міндеттер:

  • Қала әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Басқармасымен ұйымдастырушылық байланысын қамтамасыз етеді
  • Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, бөлімге басшылықты жүзеге асырады, бөліммен жүргізілуге қатысты мәселелердің шешілуіне жеке жауап береді.
  • Бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі және олардың басшылық тапсырмаларын және өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауларын бақылайды.
  • Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату, мадақтау және жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді, жетекшілік ететін мәселелер бойынша, кадрлық жұмыс мәселелерінде бөлім мамандарының қызметтерін үйлестіреді, облыс әкімінің және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды.
  • Қала әкімі аппаратының, қаланың мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметке өтумен байланысты заңнамалық актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
  • Кадрлар резерві тізімін дайындайды және келіседі, басшылық лауазымдарға кадрлар резервімен жұмысты ұйымдастырады, мемлекеттік басқару органы қала әкімінің аппараты болып табылатын мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын, қала әкімі аппаратының қызметкерлерін тағайындауға басшылықтың тапсырмасы бойынша ұсынымдарды, нормативтік құқықтық актілерді дайындайды.
  • Бос лауазымдардың уақытша орнын басу бойынша атқарушы органдардың жұмысын қарайды, оларға тәжірибелік көмек көрсетеді; әкім аппараты мен дербес бөлімдердің қызметкерлерін лауазымынан босату, ауыстыру, тағайындау бойынша құжаттарды дайындаумен, мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін,сондай-ақ еңбек кітапшаларын, қызметтік тізімдерін құрумен және жүргізумен айналысады; жоғарғы органдарға статистикалық есептілікті, кадрларды тағайындау, ауыстыру және жұмыстан босату жөніндегі ақпараттар мен мәліметтерді дайындайды және тапсырады.
  • Кадрлар резервін дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, кадрлық және мемлекеттік қызметке өтудің өзге де мәселелеріне, бөлімнің өкілеттігіне жататын мәселелерге қатысты қала әкімінің, қала әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды; ай сайын аппарат басшысына өзінің және бөлім мамандарының функционалдық міндеттерін орындау бойынша қызметтік жазбахаттар дайындайды; қала әкімімен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  • Мемлекеттік қызметшілердің кадрлық ауысуларының, тағайындалулары мен жұмыстан босатылуларының мақсатқа сай екендігі туралы қортындыны дайындайды  және қол қояды.
  • Орталықтандырылған тәртіптік комиссиясының хатшысы болып табылады.
  • Мемлекеттік және еңбек тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
  • Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады
  • Марапаттар жөніндегі комиссияның, конкурстық, аттестациялық комиссиялардың жұмыстарын үйлестіреді.
  • Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттары талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білуі, сапа саласындағы саясатты қолдана алуы. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

Байланыстар:

E-mail: akimat@ridder.gov.kz
Телефон: 8 (72336) 42576
Факс: 8 (72336) 42573

 

 

 

 

 

 

Персоналды басқару жөніндегі бас маман-Цицельская Румиса Лом-Алиевна 

Цицельская Румиса Лом-Алиевна 1988 жылы 07 мамырда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Қ. Нұрғалиев атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Орталық Азия университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кезеңінде 2005 жылғы қыркүйектен 2008 жылғы мамырға дейін жеке еңбек шарты бойынша штаттан тыс салық бақылаушысы болып қызмет атқарды. 2008 жылдың мамырдан 2008 жылдың қарашасына дейін «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үйді есепке алу және бөлу жөніндегі инспектордың ассистенті болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың қарашасына дейін ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы болып жұмыс істеді. 2009 жылдың желтоқсаннан 2013 жылдың тамызына дейін «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2013 жылдың 26 тамызынан бастап «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.