+7 (72336) 4-27-00

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы - 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы - Мизимбаева Оразгүл Сарсенбекқызы

Mizimbaeva

Өмірбаян:

Мизимбаева Оразгүл Сарсенбекқызы 1990 жылы 12 сәуірде Семей қаласында (Қазақстан Республикасы) дүниеге келді.

2012-жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясын бітіріп, «Қаржы» мамандығы бойынша «Бакалавр» дәрежесін  алды.

2013-жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясында бітіріп,  «Қаржы» мамандығы бойынша «Бизнес және экономика магистры» дәрежесін алды.

2012-2016 жылдар аралығында АҚ «БТА Банк» ШҚФ шағын және орта бизнес кредиттік эксперт  қызметін атқарды.

2016-жылы мамыр айынан бастап мемлекеттік қызметке Риддер қаласы әкімшілік аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің  «Бухгалтер» қызметіне  ауысты.

Функционалдық міндеттер:

 

  • Есептеулердің барлық түрлері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдау мен өңдеуді жүзеге асырады (табельдер, есеп парақтары, еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек  шарттары).
  • «1С–Кәсіпорын» бағдарламасында штаттық кестені, еңбек ақыны есептеулерді, есептік ведомостарды берумен барлық ұстап қалу түрлерін, тиісті жазбалармен №5 мемориалды ордерді компьютерлік өңдеуді жүргізеді;
  • МЗТО бағдарламасында қызметкерлерге зейнетақы және әлеуметтік ақша аударуларды жүзеге асырады және электронды тасымалдауда Қазынашылық органдарына береді.
  • Әкім аппаратының әрбір қызметкері бойынша кірістер мен ұстап қалулар көрсетілетін 6 қосымшаны толтырумен табыс салығы бойынша, декларацияларды және 2 қосымшаны толтырумен әлеуметтік салық бойынша есептіліктің уақытында құрылуын жүзеге асырады;
  • Ай сайын трансферттер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы және ай сайын трансферттердің игерілуі бойынша мәліметтер беру туралы есепті құрады;
  • Толық және нақты толтырылған карточкаларды жүргізе отырып, есеп беретін тұлғалар бойынша негізгі қорлардың есебін жүргізеді;
  • Аз құнды және тез тозатын заттар есебін және есептен шығарылуын жүргізеді;
  • Негізгі құралдарды, ақшалай қаражаттарды, тауар-метераилдық құндылықтарды түгендеу және тозуын есептеуді жүргізуге қатысады;
  • Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасайды және оған өзгерістер енгізеді;
  • Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге тапсырыстар дайындайды;
  • Ерекшеліктер бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына түсіндірмелер жасайды;
  • Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттары талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу.
  • Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.